Бексұлтан Байкенжеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бексұлтан Байкенжеев (7.11.1949, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы – 10.5.1993, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – сазгер әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Қазақстан Білім беру ісінің үздігі. М.Көкеновтің шәкірті.

Өмірбаяны

Шығармашылығы

Жүз елуге жуық ән жазған. Тұңғыш:

  • «Ақбаян»
  • «Жеңешем»
  • «Күлімдеші»
  • «Еркелеші
  • Ермегім» әндерін белгілі әншілер З.Қойшыбаева, М.Ералиева, В.Қармысова, Л.Төлешева, Б.Маханбетова, тағы да басқалар орындаған.
  • «Сырдария»
  • «Ақшолпаным»
  • «Ақ гүлім»
  • «Нағашым»
  • «Гүлденген Жаңақорған»
  • «Құда болып жүрейік», тағы басқа әндері халық арасында кеңінен танымал.

Ән жинақтары

Байкежеевтің бір топ әндері ән жинақтарына енген.

  • «Ақбаян» (1984)
  • «Ақ гүлім» (1992)
  • «Сағынып жүрші» (1994) деген жеке әндер жинағы жарық көрген.

Гастрольдік сапарлары

«Сыр сұлуы» және «Нұргүл» ансамбльдері құрамында көптеген елдерде өнер көрсеткен.

Жетістіктері

  • Халық шығармашылығы Бүкілодақтық фестивальдарының лауреаты атанды.

Есте сақтау

  • Байкежеев атымен көше аталған.
  • Жаңақорған аудандық мәдениет үйі жанынан өнер мектебі ашылды.
  • Екі жылда бір рет сазгерлердің Байкежеевке бағытталған облыстық фестивалі өткізіліп тұрады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер