Зейнеп Төлембеққызы Қойшыбаева
Зейнеп Төлембеққызы Қойшыбаева (6 наурыз, 1937, Қазақстан ауылы, Алакөл ауданы, Алматы облысы — 20 наурыз, 2002, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық әртісі (1989).
Қысқаша өмірбаяны
- Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының вокальдық студиясын (1958) бітірген.
- Алматы өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1972).
- 1958 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры солисі.
- 1967 ж. - 1993 ж. - қазақтың радио мен теледидары жанындағы камералық оркестр солисті.
- 1981 жылдан өмірінің соңына дейін Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрадалық-цирк өнер колледжінің оқытушысы.
- 1993 жылдан республика дәрежедегі зейнеткер.
Орындаған партиялары
Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Жалбыр” операларында, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайында”, М. Төлебаевтың “Біржан мен Сара” операларындағы партияларды орындады.
Репертуары
Оның репертуарында қазақтың халық әндері, Қазақстан композиторларының әндері бар. Зейнеп Қойшыбаеваның қайталанбас дауысы, орындау мәнерінің ерекшелігі, сахналық біліктілігі оны басқа әріптестерінен айрықша даралайды. Қазақ телевидиниясы мен радиосының әншісі болып, Қазақстан композиторларының музыкалық шығармалары мен халық әндерін насихаттауда, эстрада өнерін дамытуда елеулі еңбек сіңірді.
Гастрольдік сапармен КСРО республикасында, сондай-ақ, шет елдерде де (Германия, 1971; Польша, 1979; Ауғанстан,1984; т.б.) болды.
Жетістіктері
- Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің күміс жүлдегер (1957).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
- 6 наурызда туғандар
- 1937 жылы туғандар
- Алакөл ауданында туғандар
- 20 наурызда қайтыс болғандар
- 2002 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан әншілері
- Қазақстан халық әртістері
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері
- Алматы эстрада және цирк колледжінің оқытушылары
- Жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің күміс жүлдегерлері