Әлшекей Бектібайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлшекей Бектібайұлы (1847, қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы -1932, Тәжікстан, Душанбе облысы Қорғантөбе ауданы Жуан қыстағы) - күйші. Әлшекей күйшілік өнерді нағашы атасы Рүстемнен үйренген. 1930 ж. Тәжікстанға көшіп барған. Әлшекей 50 -ден астам күй шығарған. Оларды И.Өткелбаев, Ж.Нұрмақов сияқты күйшілер кейінгі ұрпаққа жеткізген. Әлшекейдің "Тоқырау", "Нарсоққан", "Егес", "Терісқақпай", "Толқын", "Аққу кеткен", "Тепең көк", "Қара жорға", "Адасқан қаз", "Отарба", "Айшамен алты тартыс", "Төтемен тартыс", "Егілген", "Бәйге", "Тай қуу", т.б. ел арасында сақталған күйлері бар. Манап Көкенұлы осы аталған күйлердің шығу тарихын айтып, таспаға жаздырған. Әлшекейдің күйлері қазіргі домбырашылардың репертуарына енген, оркестрге түсірілген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}