Манап Көкенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көкенов Манап(20.5. 1928, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылы – 29.4. 1992, сонда) – айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны (1980).


Сыр өңірінің ақын-жыраулары Құлан, Нартай Бекежанов, Балқы Базар, Тұрмағамбет, Қ.Төлеуов шығармаларымен жасынан таныс болған. Көкенов айтыскер ақын ретінде танылды. 1964 ж. Шымкентте өткен айтыста Ө.Қалдыбаевты, 1970 ж. Қ.Төлеуовті, Ж.Жабаевтың 125 жылдық тойында Ә.Қосбасаровты (1972), К.Әзірбаевтың 90 жылдығында А.Бұрбаевты жеңіп, жүлдегер атанған. 1980 ж. өткен респ. айтыстың бас жүлдегері болды. Көкеновтің орындауымен “Күріш алабына”, “Еңбек ордендері”, “Көктау шахтерлеріне”, “Ақындарға” деген өз шығармалары, сондай-ақ, Балқы Базар, Құлан ақындардың термелері күйтабаққа жазылған. Көкенов туралы “Манап аға” атты деректі телефильм түсірілген. Ол сонымен қатар, 10 мың жолдан астам өлең-жыр жазған жазба ақын. Оның толғау, терме, арнау, мысал, шымшымалары ел арасына кең таралған.


Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдермен марапатталған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Манап Көкенов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}