Аққұйрықты субүркіт

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Аққұйрықты субүркіт (Үлгі:Lang-la) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.<ref name=s1/>


Қазақстанның Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы жағалаулары тік жарлы, құзды өзендер бойында қалың тоғайларын, қамысты үлкен су қоймаларын мекендейді. Ұябасары қанатының ұзындығы 64-72 см, салмағы 4,9-6,7 кг болса, қоразының денесі кіші, қанатының ұзындығы 57-63 см, салмағы 3,1-3,8 кг ғана жетеді. Олардың арқасы сұр түсті, басы мен мойны, бауыры ақшылдау келеді. Кезқұйрықты субүркіттен ерекшелігі ересектерінің құйрығы шымқай ақ болады. Аққұйрықты субүркіт- отырықшы құс. Ұясын ағаш басына салып, оны бірнеше жыл пайдаланады. Жұбы жазылмай наурызда 1-3 жұмыртқа салады. Оны ұябасары 30-40 күндей шайқайды. Балапандары ұядан 2 айдан кейін ұшып шығады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> Аққұйрықты субүркіт — үйректермен, қасқалдақтармен, қырғауылдармен, балықтармен, ондатрлармен, ал Каспий теңізінде итбалықтың күшіктерімен қоректенеді. Саны аз, сирек кездесетін жыртқыш құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996).<ref name=s1>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Статусы

2-ші санат. Саны азайып келе жатқан сирек кездесетін құс. КСРО Қызыл кітабына (1984) енгізілген.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

Евразияда кең тараған құс, әлемдік фаунадағы субүркіттердің сегіз түрінің және Қазақстан фаунасындағы екі түрдің бірі.

Таралуы

Евразияның солтүстік жартысы – оңтүстікте Орта Азия мен Моңғолияға дейін кездеседі. XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның көптеген суқоймаларында ол кәдімгідей болған <ref name="Корелов, 1962">Корелов, 1962</ref>, бірақ соңғы 30-40 жылда бірқатар жерлерде кездесуін тоқтатты. 80-90-шы жылдары Еділ өзенінің атырабының қазақстандық бөлігінде, Көшімде (Еділ-Жайық су айрығы), Жайық өзенінің жайылмасында, Қостанай облысының көлдерінде, Сырдария өзенінің аңғарында, Балқаш-Алакөл ойпатында және республикамыздың шығысында (Зайсан көлінде, Қара Ертіс өзенінде, Марқакөлде, Павлодар Ертісінің өңірінде) ұялады. Каспий, Еділ-Жайық су айрығында, Жайық, Сырдария, Шу, Іле өзендерінің жайылмаларында, сирек – Зайсан көлінде қыстайды.

Мекендейтін жерлері

Балыққа және су құстарына бай, жағалауларында көктерек-тал (Жайық, Ертіс өзендері), қарағай (Науырызым), балқарағай (Марқакөл) қамыс пен тоғай (Қазақстанның оңтүстігі) өскен суқоймаларының жайылмалары.

Саны

Өткенде кәдімгідей, әсіресе Іле өзенінің төменгі сағасында, болған <ref name="Корелов, 1962"/>. Қазір Қазақстанда 120-130 жұп, соның ішінде Жайықтың жайылмалары мен Бітік суқоймасында 25-30 <ref>П. В. Дебело, В. Л. Шевченко, личн. сообщ</ref>, Іле өзенінің су алаптарында – 25-30, Балқаш көлінде – 10-ға жуық <ref name="Наши данные">Наши данные</ref>, Алакөлде – 5-6 <ref>Грачев, Анненков, Филатов</ref><ref>Березовиков, 2004</ref>, Зайсан қазаншұңқырында – 8-10 <ref name="Наши данные"/>, Марқакөлде – 1-4 <ref name="Березовиков, Зинченко, 1987">Березовиков, Зинченко, 1987</ref><ref>С. В. Стариков, личн. сообщ</ref>, Павлодар мен Ертіс қалаларының арасында – 10, Науырызым көлінде – 7-10 жұп <ref name="Наши данные"/> ұялайды. Кейбір аудандарда (Жайық, Іле өзендері, Марқакөл көлі) саны қалпына келе жатқаны байқалады. Солтүстік Каспий өңірінде 800-1000 аққұйрық субүркіті қыстайды.

Негізгі әсер ететін факторлар

Ұяларын бұзу және жою, мазалау факторы, шақыртқы маңындағы қақпанға түсу, өрт кезінде ұяларының жойылуы. Суқоймаларының жағалауларын шаруашылық мақсатта игеру, қоректің жетіспеуі.

Биологиялық ерекшеліктері

Оңтүстікте отырықшы құс. Солтүстік облыстардан қыстау үшін ұшып кетеді <ref name="Корелов, 1962"/>. Іле өзенінің атырабында ақпанның үшінші онкүндігінде, басқа жерлерде – сәуірде жұмыртқалайды <ref name="Корелов, 1962"/><ref>Грачев, 1976</ref>. Ұяда 1-4, жиі 2-3 жұмыртқа болады. 35-40 тәулік шайқайды <ref name="Березовиков, Зинченко, 1987"/><ref>Е. А. Брагин, личн. сообщ</ref>. Балапандары 70-75 күнде ұясынан ұшады, оңтүстікте – маусымның ортасында, басқа жерлерде – шілде де қанатына қонады <ref name="Корелов, 1962"/>.

Қолда өсіру

1987 жылдан бері Алматы хайуанаттар паркінде көбеюде.

Қабылданған қорғау шаралары

Марқакөл, Науырызым және Алакөл қорықтарында, сол сияқты Алтынемел ұлттық паркінде қорғалады.

Қажетті қорғау шаралары

Балқаш өңірі, Алакөл және Торғай қорықтарын құру. Түрлерді қорғау қажеттілігі жайында жергілікті тұрғындар арасына үгіт-насихат жүргізу.

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар

Ұялайтын жерлеріне кадастр жасау. Өнімділігін, өлім-жітімге ұшырауын, шектеуші факторларын зерттеу. Қыста қосымша қоректендіру және жасанды ұяға шақыру жайында эксперименттер жүргізу. Қолда өсірілген балапандарды табиғатқа қайта жіберу әдістерін дайындау.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub