Қасқалдақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қасқалдақ (Үлгі:Lang-la)<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - тырнатәрізділер отрядының сутартарлар тұқымдасына жататын құс.

Биологиялық сипаты

  • Дене тұрқы 40 см-дей.
  • Басқа құстардан ерекшелігі - маңдайында ақ тері қатпары болады (аталуы осыдан).
  • Аяғы қысқа, башайларында жапырақ тәрізді тері қатпарлары бар.
  • Қанаттары қысқа (19-23 см), ұшқанда суды қанаттарымен сабалап ауыр көтеріледі, ұзаққа ұша алмайды. Жақсы жүзеді, құрлыққа көп шықпайды, өте сирек сүңгиді.
  • Ересек құстардың бас, мойын және құйрықасты қауырсындарының түсі қара, арқасы жылтыр қара сұр, бауыры жылтыр сұр.
  • Мекиенінің салмағы 500-700 г, қоразы ірілеу, 600-900 г-дай болады.

Қоректенуі

Сурет:Fulica atra feeding chick.jpg
Балапанын тамақтандыруы

Қорегі - әр түрлі омыртқасыздар (су жәндіктері мен олардың дернәсілдері, моллюскілер) мен су өсімдіктерінің жапырақтары, жасыл сабақтары, тұқымдары, кейде майда шабақтарды да ұстайды.

Тршілік жағдайы мен көбеюуі

Сурет:Fulica atra on nest.jpg
Таяз суға салынған ұясы

Қасқалдақ - жыл құсы. Наурызда ұшып келеді. Ұясын жағасы батпақты, қамыс пен өлеңшөп өскен шағын көлдер мен олардың жайылымдарына, қалың жықпылдар арасына салады. Жасыл сарғыш түсті дағы бар ақшыл түсті 5-12 (көбінесе 7-9) жұмыртқаны мекиені мен қоразы бірге 2-3 апта шайқайды. Жұмыртқадан қара мамықты балапан шығады.

Таралу аймағы мен өрісі

Қазақстанда сусыз шөлдерден басқа аймақтарда жаппай кездеседі. Қысқа қарай Каспий, Жерорта теңіздері, Алдыңғы жане Оңтүстік Азия, Солтүстік Африкаға ұшып кетеді.
Еті дәмді, күзге қарай семіреді. Қасқалдақтың саны өте көп болғандықтан, олар әуесқойлық және кәсіптік жолмен ауланатын құстардың қатарына жатады.

Дереккөздер

<references/>