Балқаш-Алакөл ойысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Lake Balkhash satellite.jpg
Балқаш-Алакөл ойысы

Балқаш—Алакөл ойысыҚазақстанның оңтүстік-шығысындағы ірі тектоникалық құрылым. Негізінен Алматы облысының аумағында орналасқан. Солтүстігінде Сарыарқамен, шығысында Тарбағатай жотасымен, оңтүстігінде Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларымен, батысында Желтау, Айтау тауларымен шектелген. Балқаш және Алакөл ойыстарына бөлінеді. Жалпы ұзындығы 800 км. Ені Балқаш көлінің тұсында 300 км, Сасықкөл маңында 100 км. Ойыс табаны қатпарланған палеозой шөгінділерінен, магмалық және интрузиялық жыныстардан түзілген. Оларды бор, палеоген, неоген және төрттік кезеңдердің континенттік борпылдақ жыныстары жапқан. Ойыстың көпшілік аумағын абсолют биіктігі 342 — 600 м Сарыесікатырау, Лөкқұм (Лекқұм), Тауқұм сияқты төрттік кезеңнің құм алқаптары алып жатыр. Климаты тым континенттік. Қысы қатаң, аязды. Қаңтар айының орташа температурасы (–12—14°С), бұрқасынды әрі үскірік аязды күндер (–30—35°С) жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ әрі құрғақ. Шілде айының орташа температурасы 22 — 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120 — 200 мм шамасында. Ойысты қоршап жатқан таулардан бастау алатын Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Үржар, Қатынсу, Еміл, Ырғайты, Жаманты өзені, Тентек өзендері ойыстың табанындағы Балқашқа, Алакөлге, Сасықкөлге, Жалаңашкөлге құяды. Балқаш көліне құятын судың үштен екісінен астамы Іле өзенінің үлесіне тиеді. 3 — 10 м тереңдіктегі (кейде 100 м, Тауқұмда) жер асты суы көбіне тұщы келеді. Алакөл артезиан алабында арынды су қоры мол. Балқаш—Алакөл ойысында сексеуіл, жусан, бұта, сораң, өзен аңғарларын бойлай тал, тораңғы, жиде және құрақ, қамыс бидайық, астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Өзен аңғарлары мен құм төбелер — қысқы мал жайылымы, тау бөктеріндегі жазық — суармалы егістік ретінде пайдаланылады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балқаш-Алакөл ойысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}