Еділ-Жайық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еділ-Жайықэпостық жыр. Шығармада екі батыр — Еділ мен Жайықтың бірін-бірі түсінде көруі, бірге сапарға аттануы, жолда жыртқыш аңдармен кездесуі, жезтырнақ, Қара дәу сынды қаскөй күштермен арпалысы, т.б. сипатталады. Бұлар — жырдың көне ертегілік нұсқасынан ауысқан белгілер. Бейбіт елді жауламақ болған Қара дәудің көзін жою үшін бірлескен күрес, белгілі бір қауым атынан жасалған әрекет жырға эпостық сипат қосқан. Ел қорғаны батырлардың, адамға дұшпан күштердің мінездемесі эпикалық әсірелеу дәстүрінде берілген. Еділ жезтырнақтарға қарсы соғыс ашқанда қарапайым халық жәрдемге келеді. Жайық пен Қара дәудің айқасы әділдік пен зұлымдықтың майданы іспетті. Қара дәудің кескіні қорқынышты болып суреттеледі. (“Аузынан шыққан ақ көбік, аспанда көшкен бұлттай, Қара дәудің қабағы, қараңғы түнек ымырттай, танауынан шыққан дем, Сібірден соққан суықтай...”), Қара дәуді өлтіріп, оның тұтқынында зарыққан Ақтұйғынды босатуы Жайықтың асқан ерлігі ретінде суреттеледі, Еділ мен Жайықтың бейнесі халықтың азат, бақытты өмір туралы мәңгілік арманымен үндеседі. Жыр Орт. ғыл. кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы тұр.

Дереккөздер:

Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еділ-Жайық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}