Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков (1950 жыл 7 шілде, Арыс, Түркістан облысы2023 жыл 25 қараша) — Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994). Құрмет ордені (2011) мен Ерен еңбегі үшін медалінің (2005) иегерлері.

Өмірбаяны

Еңбек жолы

  • 1978 жылы әйгілі «Досмұқасан» ансамбльіне қабылданған.
  • 1979 жылдан Қазақконцерт өнер бірлестігінің құрамында.
  • 1978–1985 жылдары «Дос-Мұқасан» ансамбльінің құрамында әнші болды.
  • 1985–1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салды.
  • 1994–1996 жылдары «Гүлдер» ансамбльінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды.
  • 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды.
  • 2010 жылдан қайтадан «Досмұқасан» ансамбльінің әншісі.

Шығармашылығы

  • Ақжол Мейірбеков 1972 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық «Алло, біз таланттарды іздейміз» атты ән байқауында халық әні "Айгөлек" әнімен гран-при жүлдесін ұтып алған.
  • Көптеген шетелдер мен Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында гастрольдік сапарлармен болған.
  • «Досмұқасан» ансамбльінің құрамында жүріп, "Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі” халық композиторларының (Естай, Ақан сері, Мариям Жагорқызы, т.б.) әндері және қазіргі қазақ композиторларының әндерін орындады.
  • Жеке шығармашылығында Кеңес Дүйсекеевтің "Іңкәр жүрек", "Туған жер", "Асыл жарым", "Махаббатым жүрегім", Н.Сәрсенбаевтың "Қиялдағы елес", Қ.Шілдебаевтың "Кешір мені", Ж.Кеңесовтың "Апа сен қартаймасың", Ә.Ботақаевтың "Пай пай қайран жастық шақ" және т.б көптеген әндері халыққа кеңінен тараған.<ref name="Аруна Ltd"/>

Қосымша ақпараттар

  • Ақжол Мейірбеков үш рет Мекке-Мединеге қажылық сапарға барып қайтқан.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Марапаттары

Отбасы

  • Үйленген. Әйелі — Шарипа.
  • 2 ұл, 1 қыз баласы бар. 7 немерінің атасы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер