Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев (10 ақпан 1946 жыл, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Пірімов ауылы) — композитор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор А. В. Бычковтың композиция класы бойынша бітірген<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Өмірбаяны

Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994 ж.). Алматы консерваториясын бітірген (1974 ж.). 1974-1976 жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық — талант қайнары”, “Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”, “Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984- 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол – “Толғау” симфониясының (1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), “О, дүние” кантатасының (1997), “Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерін Р. Рымбаева, Н. Есқалиева, М. Жүнісова, А. Мейірбеков, Н. Өнербаев, М. Дәулетбақова т.б. әншілер орындап жүр.

Марапаттары

  • 1994 жылы "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
  • 2005 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.
  • 2014 жылы "Парасат" ордені берілген.
  • Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры.
  • 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласы бойынша мемлекеттік степендия иегері.

Отбасы

Жұбайы - Дүйсекеева Баян Кеңесқызы (1947 ж.т.), республикалық медициналық училищесі педагогы. Ұлы - Дүйсекеев Нұркен Кеңесұлы (1976 ж.т.). Немерелері - Дүйсекеев Дәурен Нұркенұлы (2001 ж.т.), Дүйсекеев Дінмұхамед Нұркенұлы (2008 ж.т.)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Бастама