Альберт Павлович Рау
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Альберт Павлович Рау (Үлгі:Lang-de; 1 қыркүйек 1960 жыл, Валерьяновка, Бейімбет Майлин ауданы, Қостанай облысы) — қазақстандық саясаткер, қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаты (2017–2026), Мәжіліс төрағасының орынбасары (2023–2026) және экономика ғылымының докторы (2007).<ref name="majilis" />
Бұрын Рау Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі (2014–2017), Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі (2010–2014), Ақмола облысының әкімі (2008–2010) және Лисаковск әкімі (1994–2004) сияқты лауазымдардың иегері болған.<ref name="majilis" />
Мазмұны
Өмірбаяны
Шығу тегі, ұлты
Ол — Еділ бойындағы неміс колониясынан шыққан атақты неміс археологы Пауль Раудың ұрпағы, Пауль Раудың 100 жылдығын 1997 жылы ресейлік және германиялық ғалымдар атап өткен еді.<ref name="wiedergeburt">Үлгі:Cite web</ref>
1973 жылы Альберттің отбасы Қостанай облысының Лисаковск қаласына көшті.<ref name="wiedergeburt" />
Альберт Рау 1 қыркүйек күні, 1960 жылы Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданындағы Валерьяновка ауылында<ref name="zakonkz" /><ref name="majilis" /> дүниеге келді. Ұлты — неміс.<ref name="wiedergeburt" /><ref name="nemis">Үлгі:YouTube</ref>
Білімі және әскери қызметі
1982 жылы Рау Қазақ политехникалық институтының Рудныйлық филиалында Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыруға маманданған тау-кен инженері мамандығына білім алды. 1998 жылы экономика ғылымдарының кандидаты атанды.<ref name="zakonkz" />
2004 жылы Мемлекеттік және муниципалды басқару мамандығы бойынша экономист-менеджер мамандығына Ресей президенті жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясындағы оқуын бітірді.
Экономика ғылымдарының докторы.<ref name="majilis" />
Әскери қызметін 1982–1984 жылдары аралығында Қазақстанның оңтүстігінде курсант, танк командирі болып атқарған.<ref name="wiedergeburt" />
Қостанай облысындағы мансабы
1984 жылдан 1986 жылға дейін Қостанай облысы, Лисаковск қаласы, ССТКБӨБ Қоржұңкөл кенішінің энергетикі болып мансабын бастады. Бұл қызметін аяқтағасын, 1991 жылға дейін Қостанай облысы, Лисаковск қаласы, сол кеніштегі кәсіподақ комитетінің төрағасы болды.<ref name="zakonkz" />
1991–1992 жылдары аралығында Рау Қостанай облысы халық депутаттары Лисаковск қалалық Кеңесі атқару комитеті Шаруашылық шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. Бұдан кейін бір жыл бойы Лисаковск қалалық халық депутаттары кеңесінің төрағасы лауазымында еді.<ref name="zakonkz" />
1993–1994 жылдары Лисаковск қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары (қазіргі Лисаковск әкімінің орынбасары). 1994 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдың желтоқсанына дейін, 10 жыл бойы Лисаковск қаласы әкімшілігі басшысы болды,<ref name="zakonkz" /> бұл лауазымының атауы 1995 жылы Лисаковск әкімі болып өзгертілді.<ref name="majilis" />
2004 жылдың желтоқсанынан бері, тура 2 жыл бойы Қостанай облысы әкімі Сергей Кулагинның орынбасары қызметін атқарды.
2007–2008 жылдары Альберт Рау бір жыл бойы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясының төрағасы болып тағайындалды.
Үкіметтегі мансабы
2010 жылдан 2014 жылға дейін Рау Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің бірінші орынбасары қызметінде болған.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Инвестициялар және даму министрінің орынбасары қызметін атқарды.
2016–2017 жылдары аралығында Рау Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болған.
Парламенттегі мансабы
2017 жылы Альберт Рау Қазақстан Мәжілісі VI-сайланым депутаты болып сайланды, Мәжілісте Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болған, депутаттығын 2021 жылға дейін Мәжілістің ыдырауына дейін жалғастырды.<ref name="eldala" />
2021 жылы жетінші сайланған Қазақстан Мәжілісінің депутаты болып сайланды, Мәжілістің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды,<ref name="eldala" /> «Аманат» фракциясының мүшесі болды. Депутаттығын 2023 жылы аяқтады.<ref name="majilis" />
2023 жылдың 31 наурызында Аманат фракциясының мүшелігін жалғастырып, сегізінші сайланған Мәжілістің депутаты болып сайланды. Депутаттығының басталған салысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.<ref name="majilis" />
2017 жылдан бері «Жаңғыру» қазақстандық немістер қоғамы» қоғамдық қорының төрағасы болып келеді.<ref name="eldala" />
Жеке өмірі
Альберт Рау орыс және неміс<ref name="zakonkz" /> тілдерін меңгерген.
Альберт Рау үйленген. Жұбайы — Светлана Васильевна Рау, 1985 жылы туған қызы Александра және 1986 жылы туған ұлы Алексей бар.<ref name="zakonkz" />
Ғылыми атақтары, дәрежелері
1998 жылы «Облыс экономикасының кешенді дамуы және оны нарыққа бейімдеу мәселесі (Лисаков АЭА өнеркәсіп кешенінің материалдары негізінде)» (түпнұсқасында Үлгі:Lang-ru) деген тақырыпта диссертация қорғады.<ref name="eldala">Үлгі:Cite web</ref>
2008 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік университеттің Көкшетаулық институтының құрметті профессоры және 2011 жылы Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі атанды.<ref name="eldala" />
Альберт Рау — экономика ғылымдарының докторы<ref name="majilis" /> және өзі оқып бітірген Рудный индустриалды институтының құрметті профессоры.<ref name="eldala" />
Марапаттары
Раудың марапаттар тізімі:<ref name="majilis" />
- 2-дәрежелі Достық ордені;
- 3-дәрежелі Барыс ордені;
- Парасат ордені;
- 2-дәрежелі «Кенші даңқы» белгісі;
- 1-дәрежелі «Еуразиялық Одақты құруға сіңірген еңбегі үшін» медалі;
- Германия Федеративтік Республикасына сіңірген еңбегі үшін орденінің офицер кресті;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;<ref name="wiedergeburt" />
- «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісі;<ref name="wiedergeburt" />
- 1-дәрежелі Барыс ордені.<ref>Үлгі:Cite web</ref>