Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы.
Мазмұны
Министрліктің негізгі міндеті
- мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру;
- бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құрудың негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
- агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету;
- реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
- биологиялық әртүрлілікті сақтау;
- су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша басшылық жасау және салааралық үйлестіру;
- су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру;
- су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
- су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында халықаралық ынтымақтасты дамыту;
- су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
- өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Мекемелер
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесі.<ref>Министрлік туралы</ref>
Министрлікті басқарғандар
№ | Есімі | Басқарған және басқаруын аяқтаған уақыты | Суреті |
1 | Валентин Двуреченский | қазан 1991 — маусым 1992 | |
2 | Балташ Тұрсұмбаев | маусым 1992 — маусым 1993 | |
3 | Сергей Кулагин | маусым 1993 — маусым 1994 | |
4 | Жәнібек Кәрібжанов | маусым 1994 — наурыз 1996 | |
5 | Серік Ақымбеков | наурыз 1996 — қаңтар 1998 | |
6 | Сергей Кулагин | қаңтар 1998 — қыркүйек 1998 | |
7 | Төлеухан Нұрқиянов | қыркүйек 1998 — қаңтар 1999 | |
8 | Жәнібек Кәрібжанов | қаңтар 1999 — тамыз 1999 | |
9 | Сауат Мыңбаев | тамыз 1999 — мамыр 2001 | |
10 | Ахметжан Есімов | мамыр 2001 — 14 мамыр 2004 | |
11 | Серік Үмбетов | 14 мамыр 2004 — 25 тамыз 2005 | |
12 | Асқар Мырзахметов | 25 тамыз 2005 — 19 қаңтар 2006 | |
13 | Ахметжан Есімов | 19 қаңтар 2006 — 4 сәуір 2008 | |
14 | Ақылбек Күрішбаев | 4 сәуір 2008 — 8 сәуір 2011 | |
15 | Асылжан Мамытбеков | 8 сәуір 2011 — 6 мамыр 2016 | |
16 | Асқар Мырзахметов | 6 мамыр 2016 — осы уақыт |