Ахметжан Смағұлұлы Есімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ахметжан Смағұлұлы Есімов (15 желтоқсан 1950 жыл Қаскелең ауданы, Алматы облысы) — "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы.

Қысқаша өмірбаяны

  • «Ауыл шаруашылығы өндірісінің процесстер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген.
  • «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін бітірген.
  • 1968 жылдың қыркүйегінен - Алматы облысы Қаскелең ауданының «Достық» кеңшарының спорт жөніндегі әдіскері.
  • 1969 жылдан - Қазақ ауыл шаруашылығы институтының студенті.
  • 1974 жылдың қыркүйегінен - Алматы облысы Қаскелең ауданының «Ленин» кеңшарының инженер-

механигі.

  • 1977 жылдың желтоқсанынан - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жұмысшылар комитетінің төрағасы (Алматы облысы Қаскелең ауданының «1 май» ауылы).
  • 1979 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Компартиясы Қаскелең аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.
  • 1979 жылдың тамызынан - «Ленин» кеңшарының партком хатшысы.
  • 1982 жылдың наурызынан - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.
  • 1983 жылдың мамырынан - «Ленин» кеңшарының директоры.
  • 1985 жылдың тамызынан Алматы облысы Қаскелең аудандық атқару комитетінің төрағасы.
  • 1986 жылдың шілдесінен - Алматы облысы Қазақстан Компартиясы Шелек аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
  • 1988 жылдың қаңтарынан - Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары-облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы.
  • 1988 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы.
  • 1990 жылдан - ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары.
  • 1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы.
  • 1994 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
  • 1996 жылдан - ҚР мемлекеттік хатшысы.
  • 1996 жылдан - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы.
  • 1998 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі. 1998 жылдан - ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.
  • 2001 жылдан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі.
  • 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі.
  • 2004 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
  • 2006 жылдың қаңтар айынан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі.
  • 2008 жылдан бері - Алматы қаласының әкімі.
  • 2015 жылдың 9 тамызынан "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқароамсының төарағасы.

Марапаттары

Қосымша мәліметтер

  • Әскери атағы - полковник.
  • Хоббиі - спорт, әдебиет, шетел тілдері, музыка.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - шығыс философиялық әдебиеті, классика.
  • Үйленген. 2 қызы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
  • Экономика ғылымдарының докторы (1999).
  • «Жаңа жағдайлардағы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені» (1991), «Республикалық АӨК даму келешегі және оның болжануы» (1991) кітаптарының авторы.
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Navigation with columns