Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті (2002- ) ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, N28, 307-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 7 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қ1 Үкіметінің 2002 ж. 7 қазандағы № 1096 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 33, 357-бап).</ref> ҚР Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды.

ҚР Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта құрылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрліғінің Су ресурстары жөніндеі комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 қарашадағы № 1267 қаулысы (ҚР ГТҮАЖ 2002, № 43, 429-бап).</ref> комитет туралы ереже, оның қүрылымы және комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілді. Комитеттің Алматы, Астана, Атырау, Карағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз қалаларында аумақтық органдары-бассейндік су шаруашылығы басқармалары болды.

Ережеге сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзіреті шегінде су ресурстарын басқару саласында арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функциялары, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ведомство болып табылды.

Комитеттің негізгі міндеттері

су ресурстарын басқару мен қорғау, су шаруашылығы әрі су мелиорациялауды дамыту бағдарламаларын іске асыру, су ресурстарын үтымды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; өз құзіреті шегінде су ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; халық пен экономика салаларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін су пайдалануды реттеу, суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау, өзендер, көлдер сен су қоймаларының жай-күйін жақсарту; суды реттеу, пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер мен экономикалық тетікті жетілдіру. Комитеттің құрылымы мынадай болды: басшылық; су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу басқармасы; су шаруашылығы объектілерін пайдалану мен жерлерді мелиорациялауды ұйымдастыру басқармасы; инвестициялар, қаржыландыру және ұйымдастыру-құқықтық жүмыс басқармасы.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 12 шілдедегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 қарашадағы № 1267 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 12 шілдедегі № 759 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 27, 357-бап).</ref> комитеттің қүқықтық мәртебесіне өзгерту енгізіту Ц- Жаңа редакцияда ол былайша мазмұндағы: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзіреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау саласында арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

Сәйкес өзгертулер комитеттің негізгі міндеттеріне де енгізілді. Жаңа редакцияда ол былайша мазмұндағы: су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, экономиканың су секторын дамыту және жерді мелиорациялау бағдарламаларын іске асыруға қатысу; өз құзіреті шеғінде су қорын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; халық пен экономика салалары қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау, өзендер, көлдер сен су қоймаларынын жай-күйін жақсарту.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдір^ жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығь (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2005 ж. 6 сәуірдегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 6 сәуірдегі № 310 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 14, 168-бап).</ref> комитет туралы ереже, оның құрылымы және комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі құрылды.

Комитет ҚР Ауыл шаруашылығы министрліғінің қүзіреті шегінде ҚР Конституциясымен, заңдарымен, өзге нормативті қүқықтық актілермен және осы ережемен өзіне жүктелген су қорын пайдалану және қорғау саласындағы арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функциялары жүзеге асыратын ведомство және уәкілетті орган болып табылады.

Комитеттің Алматы, Астана, Атырау, Карағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз қалаларында аумақтық органдары-бассейндік су шаруашылығы басқармалары бар.

Комитеттің негізгі міндеттері

су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, экономиканы су секторын дамыту және жерді мелиорациялау бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету; су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз жан экономикалық оңтайлы деңгейіне қол жеткізу және оны қолдау.

Комитеттің құрылымы

басшылық; су ресурстарын пайдалану; мен қорғауды реттеу басқармасы; су шаруашылығы объектілерін пайдалану мен жерлерді мелиорациялауды ұйымдастыру басқармасы; инвестициялар, қаржыландыру және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}