Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитеті (2002- ) ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына <ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 7 қазандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 7 қазандағы № 1096 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 33, 357-бап).</ref> ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің аумақтық орғандары-мемлекеттік мекемелері тиісті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрліғінің Орман және аң шару- ашылығы комитетінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы № 1239 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 42, 423-бап).</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Ауыл шаруашлығы министрлігінің құзіреті шегінде орман және аң шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында арнаулы атқарушылық және бақылау- қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылды. Комитеттің аумақтық органдары-облыстық орман және аң шаруашылығын аумақтық басқармалары болды.

Комитеттің негізгі міндеттері

орман және аң шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; орман және аңшылық ресурстарын қорғау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласында мемлекеттік реттеу; орман ресурстарының және жануарлар дүниесі ресурстарының қорғалуын, өсімінің молайтылуын және пайдаланылуын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйін және қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің, үлгілік, бірегей және сирек ландшафтардың биологиялық алуан түрлілігін сақтау.

Комитеттің құрылымы

басшылық; орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу және бақылау басқармасы; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу және бақылау басқармасы; қаржы және ұйымдық жұмыс бөлімі. 2002 ж. 7 қазандағы қаулының комитеттің аумақтық органдарының қайта ұйымдастырылуына қатысты тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалды: "ҚР Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің орман және биоресурстар бойынша облыстық аумақтық басқармалары-мемлекеттік мекемелері және ҚР Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне мемлекеттік бақылау облыстық аумақтық басқармалары-мемлекеттік мекемелері оларды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің орман және аң шаруашылығы облыстық аумақтық басқармалары-мемлекеттік мекемелеріне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын". ҚР Үкіметінің 2005 ж. 6 сәуірдегі қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрліғінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 6 сәуірдегі № 310 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 14, 168-бап).</ref> комитет туралы жаңа ереже, оның құрылымы және комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілді. Комитет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзіреті шегінде және ҚР Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік қүқықтық кесімдерімен және осы ережемен өзіне жүктелген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеғе асыратын ведомствосы және уәкілетті органы болып табылады. Комитеттің аумақтық органдары-облыстық орман және аң шаруашылығын аумақтық басқармалары бар.

Комитеттің негізгі міндеттері

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ресурстары сақтау және үтымды пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорыі қорының биологиялық сан алуандылығы мен объектілерін сақтау; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман ресурстарының және жануарлар дүниесі ресурстарының күзетілуін, қорғалуын, өсімінің молайтылуын және пайдаланылуын, жай-күйін және қызметін мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.

Комитеттің құрылымы

басшылық; орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы; жануарлар дүниесі басқармасы; қаржы және ұйымдастыру бөлімі.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}