Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіҚазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы.

Министрліктің негізгі міндеті

  • мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру;
  • бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құрудың негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
  • агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету;
  • реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
  • өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
  • биологиялық әртүрлілікті сақтау;
  • су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша басшылық жасау және салааралық үйлестіру;
  • су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру;
  • су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
  • су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында халықаралық ынтымақтасты дамыту;
  • су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
  • өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Мекемелер

  1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» мемлекеттік мекемесі;
  2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі;
  3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті» мемлекеттік мекемесі;
  4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесі.<ref>Министрлік туралы</ref>

Министрлікті басқарғандар

Есімі Басқарған және басқаруын аяқтаған уақыты Суреті
1 Валентин Двуреченский қазан 1991маусым 1992
2 Балташ Тұрсұмбаев маусым 1992маусым 1993
3 Сергей Кулагин маусым 1993маусым 1994
4 Жәнібек Кәрібжанов маусым 1994наурыз 1996
5 Серік Ақымбеков наурыз 1996қаңтар 1998
6 Сергей Кулагин қаңтар 1998қыркүйек 1998
7 Төлеухан Нұрқиянов қыркүйек 1998қаңтар 1999
8 Жәнібек Кәрібжанов қаңтар 1999тамыз 1999
9 Сауат Мыңбаев тамыз 1999мамыр 2001
10 Ахметжан Есімов мамыр 200114 мамыр 2004
11 Серік Үмбетов 14 мамыр 200425 тамыз 2005
12 Асқар Мырзахметов 25 тамыз 200519 қаңтар 2006
13 Ахметжан Есімов 19 қаңтар 20064 сәуір 2008
14 Ақылбек Күрішбаев 4 сәуір 20088 сәуір 2011
15 Асылжан Мамытбеков 8 сәуір 20116 мамыр 2016
16 Асқар Мырзахметов 6 мамыр 2016 — осы уақыт

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Республикасының министрліктері