Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Равнинное мұнай кен орны"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(→Дереккөздер) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
11:30, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Равнинное мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі маңындағы мұнай кен орны. Атырау облысында, Құлсары станциясының оңтүстік-шығысында 100 км жерде орналасқан. 1983 жылы ашылған.
Геологиялық құрылымы
Кен орны палеозойлық антиклин көтерілімнен орын алған. Жоғарғы және ортаңғы карбонның терригендік-карбонатты қатқабатында екі мұнайлы горизонт бөлінген. Олар 3253-3260 м-лік тереңдіктерде.
Жатыс сипаты
Жатындардың биіктігі 6-21 м. Су-мұнай жапсары 3266-3281 м-лік белгілерде. Жатындар қойнауқаттық күмбездік, литологиялық қалқалану элементтері байқалады. Өнімді қатқабатының қимасы кезектесе қат-қабатталған құмтастар мен аргиллиттерден құралған. Мұнайға қаныққан қалыңдық 0,5-5,8 м, ашық кеуектілігі 10%, мұнайға қанығу коэффициенті 0,8. 7 мм-лік штуцердегі мұнайдың бастапқы шығымы 8,0 м3/тәу. Мұнайлардың тығыздығы 858-916 кг/м3 аралығында. Жатынның режимі суарынды. 1988 жылдан бері кен орнында жұмыс жүргізу доғарылған. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>