Каспий мұнайлы-газды аймағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Jack-up-rig-in-the-caspian-sea.JPG
Каспий теңізіндегі мұнай вышкасы

Каспий мұнайлы-газды аймағыАтырау, Батыс Қазақстан, ішінара Ақтөбе облыстарының жерінде орналасқан мұнай, газ кен орындары шоғырланған аймақ.

  • Ерте палеозойға дейінгі даму сатысында тектоникалық төмендеуіне байланысты қалың шөгінділердің жиылуына шалынған Шығыс Еуропа платформасының құрамдас оңтүстік-шығыс бөлігі.
  • Геофизикалық деректер бойынша кембрийге дейінгі іргетастың тереңдігі 20 км-ден асады.
  • Стратигр қимада жаппай дамыған кунгур ярусының тұзды қабаттары бүкіл қиманы екі бөлікке бөледі: жоғарғы бөлік (мезозойкайнозойлық тұз үстіндегі терригендік шөгінділер) және төменгі бөлік (тұз астындағы палеозойлық карбонатты-терригендік шөгінділер).
  • Аймақтың жоғары мұнайлы-газдық әлеуеті көптеген факторларға байланысты, олардың ең бастылары: шөгінді қабаттардың орасан зор қалыңдығы және ондағы жыныстардың түзілу тегінің теңіздік болуы; шөгінді шоғырлануының жоғарғы дәрежедегі көлемдік жылдамдығы (әрбір млн. жылда 15000 км3); тұз үсті және тұз асты шөгінділеріндегі органикалық заттың молдығы; стратигр. қимада мұнай мен газ түзуші жыныстардың жақсы дамығандығы, т.б. 2000 жылға дейін Каспий мұнайлы-газды аймағындағы 3 әкімшілік облыстың аумағында 120 мұнай, мұнай-газ, мұнай-газконденсат кендері ашылды.

<ref name="test">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Сілтемелер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Каспий мұнайлы-газды аймағы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}