Мұнайға қанығу коэффициенті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнайға қанығу коэффициенті (мұнайға қанығу). Бойына жиналған мұнайдың мөлшерін сипаттайтын тау жыныстарының кеуектілік қасиеті. Мұнайға қанығу коэффициенті қабат жағдайында мұнаймен қаныққан тау жыныстарының ашық қуыстары көлемінің осы қуыстардың жалпы көлеміне қатынасымен өлшенеді. Түпкілікті мұнай беру коэффициенті мұнайдың қорын бағалау үшін анықталады және кенішті барлау жұмыстарының соңғы сатысында, сонымен қатар оның өндірістік пайдалану жобасын жасақтағанда қолданылады. Ұңғыманы бұрғылау барысында тасбағанды жер бетіне көтергенде, жуғыш сұйықтың сүзбесі тасбаған үлгісінің кеуекті кеңістігіне еніп кетіп, одан қабат суы мен мұнайды ығыстырып шығаратындықтан, Мұнайға қанығу коэффициентін анықтау күрделі тәжірибе жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Сондықтан Мұнайға қанығу коэффициенті ұңғыманы бұрғылағанда мұнай негізінде дайындалған жуғыш сұйықты пайдаланып, одан жер бетіне көтерілген соқ тез арада ауа кетпейтіндей етіп бітелген тасбаған үлгісінің суға қанығуы жөніндегі деректерін пайдалана отырып анықталады. Тау жынысының барлық кеуекті көлемі тек қана мұнай мен суға толған деп есептеледі, сондықтан олардың ара қатынасын өрнектейтін Км = 1 — Кс теңдеуі шындыққа жанасады. Мұндағы Км және Кс — зерттелетін тасбаған үлгісінің мұнайға және суға қанығу шамаларын көрсететін коэффициенттер. Тұтқыштың немесе белгілі бір ірі нысанның өне бойындағы қабаттың мұнай (газ) көлемінің соған сәйкес келетін қуыс кеңістігінің көлеміне қатынасы. Көмірсутектерінің қорын көлемдік әдіспен есептегенде пайдаланылады.

Болжамдық ресурстарды бағалаудағы мұнай беру коэффициенті. Төлнұсқа үлескі аумағындағы қаралып отырған литологиялық-стратиграфиялық кешеннен табылған шоғырлар тұрғысынан анықталатын мұнай беру коэффициенті. Бұл коэффициент шоғырлардың геологиялық қорлары мөлшерлерін салмақтау нәтижесінде анықтала отырып, сол орташа салмақтану мөлшері болжам аумағынып есептеу үлескісіне шығарылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мұнайға қанығу коэффициенті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}