Антиклин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Антиклин (грек, anti — қарсы, klino — еңкейтемін) — шөгінді, эффузиялық немесе метаморфтық таужыныстар бірлестігіне тән қат-қабаттардың өзара астасу пішіні. Жымдасқан қабаттар жиынтығының бірлесе иілуі нәтижесінде антиклиналь қатпарлар дөңес пішіндер түзеді. Қатпар ядросын, яғни оның ішкі өңірін қүрайтын қабаттар сыртқы өңірдегі, яғни қатпар қанаттарындағы таужыныстардан көнелеу болып келеді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref> Нақтылы қатпардың иілу нүктесі "қатпар құлпы" деп аталады, ал осы қатпар жүйесінің қүлыптары орналасқан нүктелерді жазық бағытта ойша жалғастырған жағдайда пайда болатын шартты сызық "қатпар топсасы" деген атауға ие. Синонимі: антиклиндік қатпар.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Қүсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub