Құлсары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Құлсары — Қазақстандағы қала, Атырау облысы, Жылыой ауданының және Құлсары қалалық әкімдігінің орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы - Атырау қаласына дейінгі ара қашықтығы — 220 км. 1952 жылдан бері Жылыой ауданының орталығы. Темір жол стансасы, құбырлар жүйесінің торабы. Қамыскөл көлінің оңтүстік-шығыста орналасқан<ref name="source1">«Қазақ энциклопедиясы», VI-том</ref>.

Халқы

Тарихы

Іргесі 1939 жылы осы өңірден мұнай мен газ өндірілуіне байланысты қаланды. Атауы 19-ғ-дың басында осында өмір сүрген және жерленген, ел арасында беделді, көріпкелдігі де бар Құлсары Адай руынан шыққан. Ата шежіресі бойынша Мұңал – Бәйімбет – Сегізбай – Күшік (Ержігіт) – Айғыр – Тінекей – Құлсары.

1934-1938 жж. аралығында бұл өңірде мұнай кенін іздестіру басталған, мұнай барлау-бұрғылау экспедициясын белгілі жазушы С. Шәріпов басқарған. 1938 жылы Құлсары кеніндегі 10-шы ұңғыдан мұнай атқылаған. 1939 жылы Құлсары мұнай өңдеу басқармасы құрылды, алғашқы құрылыс салынған жерден халық тұратын үйлер салында, кейін №1 қазақ ауылдары ескі Құлсары атанды. Құлсарыдан Ұлы Отан соғысы кезінде миллиондаған тонна мұнай, оған қоса Құлсары мұнай өндіру цехының қасынан шағын бензин зауыты іске қосылып, тікелей майданға бензин жөнелтіліп отырды (бұл бензин зауыты 1952ж. жабылды)<ref name="source1">«Қазақ энциклопедиясы», VI-том</ref>.

Экономикасы

Бүгінде Құлсары Теңіз кен орнын игеру орталығы болып отыр. Мұнда ірі кәсіпорындардан Мұнай-газ өндіру басқармасы, Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясы, мұнай айдау стансасы жұмыс істейді. Қала арқылы Мақат-Бейнеу темір-жолы, Бейнеу-Доссор-Атырау, Құлсары-Мұнайлы, Құлсары-Прорва автожолдары өтеді<ref name="source1">«Қазақ энциклопедиясы», VI-том</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Жылыой ауданы елді мекендері Үлгі:Қазақстан қалалары