Қышқыл жауын-шашын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қышқыл жауын-шашын.jpg
Жауын-шашынның қышқылдану процесі

Қышқыл жауын-шашын, қышқыл сулар<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - атмосфералық жауын-шашын түрлері. Жаңбырдың қышқылды қасиетіне құрамында сутектің өте белсенді иондарының болуымен байланысты.

Қышқылдану процесі

Жаңбыр суының нормалдық реакциясы сәл қышқыл келеді (pH - 5,6). Бұл ауа құрамындағы көмір қышқыл газының еруінен әлсіз көмір қышқылы пайда болады. Кейде электр стансасы, өнеркәсіптік қазандар, автомобильдерден шығатын газдар, т.б. ауаны күкірт және азот оксидтерімен ластағанда жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, т.б. тамшыларында күкірт және азот қышқылдарының бар екенін байқауға болады.
Қышқыл жауын-шашынның түсуі атмосферадағы күкірт диоксидтері мен азот оксидтерінің болуын антропогендік ластану дейді.
Табиғатта ауадағы азот молекуласы оксиді табиғи процестер жағдайында (найзағай, күн күркіреу, т.б.) және топырақтың нитрификациялануы, орман өрттері негізінде байқалады.
Жер атмосферасында жыл сайын орта есеппен 3 млрд-қа жуық найзағай болып тұрады. Олардан пайда болған мыңдаған градус температура кезінде радикалды-тізбекті механизм үрдісі азот молекуласының қышқылдану процесін туындатады:

  • O→2O N² +O→NO+N;
  • O² +N→NO+O

Кері реакцияға реакция кезіндегі азот оксиді өнімінің - 2NO+O²→2ONO² тез сууы кедергі жасайды. Атмосфералық ылғалмен өзара әрекеттескенде азот қышқылы пайда болады. Азот оксидінің негізгі көзі болып энергетика және көлік саналады. Олар ауаға 90% -ға жуық ластағыш шығарындыларды шығарады, ал химия өнеркәсібінің үлесі 5% -дай ғана.

Экологиялық зардабы

Сурет:Pollution - Damaged by acid rain.jpg
Қышқылдық жаңбырдан бүлінген мүсін

Таралуы

Алғашқы қышқылдық жауындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қышқылдық жауындар солтүстік жарты шарда кеңінен таралған. Бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр, қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқыл жауын-шашындар Скандинавия елдері, Англия, Германия, Бельгия, Дания, Польша, Канада, АҚШ-тың солтүстік аудандарына тән.<ref> Экология. Оқулық. -Алматы Экономика, 2002 Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті ISBN 9965-532-69-9</ref>


Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>