Электр стансасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Электр стансасыэлектр энергиясын өндіруге арналған құрал-жабдықтар мен қондырғылардың, сондай-ақ осы мақсат үшін салынған құрылыстар мен ғимараттардың жиынтығы. Ол энергия көзіне сәйкес су электр стансасы, жылу электр стансасы, атом электр стансасы, жел электр стансасы, гелиоэнергетик. станса және магнитогидродинамик. генератор болып ажыратылады. Жылу Э. с-на конденсац. электр ст., жылу электр ст., газ трубиналы электр ст., дизель электр ст. жатады. Республика бойынша өндірілетін электр энергиясының 80%-ға жуығы жылу Э. с-ның үлесіне тиеді. Болашақта қуаты зор атом электр стансалары үлкен рөл атқаратын болады. Магниттік гидродинам. генераторда магнит өрісінде қозғалатын электр өткізгіш ортаның (сұйық не газ) энергиясы электр энергиясына тікелей түрленеді.

Алғашқы Э. с. 1882 ж. Нью-Йоркте салынған. Бұл ст-ға тұрақты токтың 6 динамомашинасы орнатылып, олардың әрқайсысы қуаты 125 а. к-не тең бу машинасымен қозғалысқа келтірілді. Қуатты Э. с-н салу, өндірілген энергияны алыс жерге жеткізу мәселесі тек үш фазалы ток жүйесінің ашылуына байланысты шешілді.

1913 ж. Қазақстанда өндірілген жалпы энергия мөлш. 3000 кВт-қа ғана жетті. Қазақстандағы ең алғашқы бу трубиналы Э. с. (қуаты 1240 кВт) 1926 ж. Қарсақбай комб-нда, ал алғашқы СЭС – Жоғ. Хариузовск СЭС-і (қуаты 3000 кВт) 1928 ж. салынды. 1935 ж. Алматыда бу трубиналы Э. с. іске қосылды. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}