Түр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түр (Үлгі:Lang-la - түрлер) — биологиялық немесе экологиялық популяциялар түзетін дарақтар жиынтығы. Дарақтар табиғи жағдайда бір-бірімен будандасуға қабілетті, морфофизиологиялық белгілері ұқсас және жалпы тұтас немесе жартылай таралу аймағын мекендейді. Әрбір түр табиғатта басқа түрден толық биологиялық оқшау тұрады. Биогеоценоздағы экологиялық қуыстың белгілі бір жиынтығын қалыптастыратын генотип жүйесін көрсетеді. Жердегі түрдің жалпы саны 1,5 млрд-тан 5 млрд-қа дейін деп есептеледі.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>


Дереккөздер

<references/>