Кеңірдек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Дем алу жүйесі Кеңірдек — шырышты қабықпен қапталған шеміршек түтігінсін тұратын тыныс алу мүшесі, көмендеп басталады және бастаңқы негізгі тарамымен жалғасады: томенгі тыныс жолдарыпа жатады.<ref name="name">Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5</ref> Кеңірдек - көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен-бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдек қабырғасының қабысып қалмай, ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады. Ауатамыр (Үлгі:Lang-el — тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауатамырлық тармақшалар (бронхиола) (Үлгі:Lang-el - кішірею) деп аталады. Ауатамыр тармақшаларының ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршік-терімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (Үлгі:Lang-la - ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2-0,3 мм, қабырғалары бір қабатэпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады. Қылтамырлар мен өкпе көпіршіктері қабырғаларының арасында газ алмасады. Көпіршіктердің ішіндегі ауа құрамынан оттекі қанға өтеді. Қылтамырлардағы қанның құрамындағы көмірқышқыл газ өкпе көпіршігіне өтеді.<ref>Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х</ref>

Кеңірдек тарамын ұзарту I белгісі

Кеңірдек тарамын ұзарту I белгісі — магистральды кеңірдек тарамының I II сегментін байлаіі муфта тәрізді ісіктің ұлғаюы және 0,05—1 см орнына 2—3 см бойына кеңірдек тарамындағы саңылауды рентген сөулесімен қағазға түсіріп, бақылап отыру.<ref name="name"/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кеңірдек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}