Қарғалы қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарғалы қорықшасы - республикалық маңызы бар зоологиялық қорықша. Қызылорда облысы Жаңақорған мен Шиелі аудандарының аумағында орналасқан. Аумағы 13,3 мың га.

Рельефі

Қорықшаны Сырдария өзені аңғарының ежелгі және қазіргі ландшафтысын алып жатыр. Өзен суларымен бөлінген аласа төбешікті құмды-сазды жазықтан, кішігірім құрғап қалатын көлдер мен батпақты жерлерден тұрады.

Өсімдігі

Жер асты суы көздерінің жақын орналасуы әсерінен әр түрлі шалғынды-батпақты және бұта өсімдіктеріне бай: сексеуіл, жыңғыл шоғыры, сонымен қатар қамыстың нуы кездеседі.

Қорықша маңызы

Мұнда Жетісу қырғауылы жиі ұшырасады. Қорықша осы бағалы құсты қорғау, санын көбейту және оның Оңтүстік Қазақстанның, сонымен қатар Қазақстанның басқа да аудандарының әр түрлі ландшафтық жағдайларына бейімделуіне қолайлы жағдай туғызу мақсатында құрылған.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер