Бейімделу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейімделу (Үлгі:Lang-la) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ол туралы ақпарат жинау және оны пайдалану арқылы өз қалып-күйлерін (жұмыс істеу алгоритмін, параметрін, құрылымын) өзгертуі<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>; ағзалардың тарихи даму кезеңіндегі тіршілік ортасына бейімделуі.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі.Түз жануарларының ашық әрі құрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақшылық жағдайына, т.б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және баска да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі ("әдеттенуі"). Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында — эволюциялық бейімделуге ауысады. Генотиптік және эволюциялық бейімделумен салыстырғанда физиологиялық бейімделу толық жетілмеген. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу , деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік ортаға, мысалы, ауылдан қалаға келген мигранттардың бейімделуі — адамның әлеуметтік бейімделуі жеке қарастырылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref><ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>

Бейімделу<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

  1. кез келген әлеуметтік жүйелердің (мысалы, отбасы тобы, іскерлік фирмасы, ұлттық мемлекет) өзінің тіршілік ету ортасына жауап беруі немесе, оны «басқаруы»;
  2. тұлғаның немесе әлеуметтік топтың қоғамдық ортаға икемделуі үрдісі, мұның нәтижесінде осы үрдіске қатысушы субъектілердің талаптары мен күтулері сәйкестендіріледі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub

cs:Adaptace (rozcestník) de:Anpassung en:Adaptation (disambiguation) es:Adaptación et:Adaptatsioon fr:Adaptation gl:Adaptación it:Adattamento (disambigua) nn:Adapsjon (fleirtyding) pl:Adaptacja pt:Adaptação sk:Adaptácia sv:Adaption (olika betydelser)