Қарсақ мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны Қарсақ мұнай кен орны - Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кентінен оңтүстікке қарай 70 км, Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан 18 км жерде орналасқан. Кен орны бұрғылау жұмыстары нәтижесінде 1948 жылы ашылған, 1960 жылдан пайдаланылуда.

Геологиясы мен сипаты

Кен орны үш қанатты тұз күмбезі құрылымнан орын алған. Бұл құрылымның ендік бағытта созылған тұз ядросының екі төбешегі бар, олар 700-800 м тереңдікте жатыр.

Қарсақ мұнай кені аумағында төменгі пермь кезеңінен жоғары апт, неокомге дейінгі шөгінділер (жалпы қалыңдығы 1800 м) тараған. 1952-1960 жылдары жүргізілген терең бұрғылаудан кейін жоғарғы және төменгі бор қабаттарында өндірістік маңызы бар мұнай горизонттары анықталды. Мұнайы мол шоғырланған батыс қанат 9 мұнайлы горизонтқа бөлінген.Шөгінді жыныстардан құралған мұнайлы қабаттардың жалпы қалыңдығы 4 – 32 м. Коллекторларының ашық кеуектілігі 25-30%, өткізгіштігі 1,03-2,34 мкм2. Бастапқы қабаттық қысым 1,8 – 7,2 МПа, температурасы 25 – 35°С. Мұнайдың тығыздығы 0,826 – 0,933 г/см3.

Құрамы

Мұнай құрамында:

Ілеспе газдың құрамы:

Хлоркальций типті қабат суларының тығыздығы 1,091-1,670 г/см3, минералдары 135,2-253,6 г/л. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>