Коллектор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Коллектор (лат. collector – жинаушы), 1) электрмашина Коллекторы – электр машинасының зәкірімен (роторымен) біртұтас жасалған жиілік түрлендіргіш механикалық құрылғы (қараңыз <ref>Зәкір</ref>); 2) шала өткізгішті приборлардағы Коллектор – базадан заряд тасушылардың басым бөлігі жиналатын шала өткізгіш прибордың (биполярлы транзистор, т.б.) бір бөлігі; 3) жер құрғатудағы Коллектор – құрғату тораптарының реттегіш бөлігінен суларды қабылдап алып, оларды құрғатылатын атыраптан сыртқа алып кететін су ағызу құбыры немесе арна; 4) канализациялық Коллектор – канализация жүйелеріндегі сарқынды суларды жинағыш канализация тораптарының бір бөлігі; 5) байланыс кабельдерін (кабельдік Коллектор) және түрлі бағытқа су, газ және т.б. (жалпы Коллектор) тасымалдағыш құбырларды төсеуге арналған жер асты галереясы; 6) кейбір техикалық қондырғылардың құрамдас бөліктері (мысалы, іштен жану қозғалтқыштарының шығару және кіргізу Коллекторлары).<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Коллектор|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}