Перм кезеңі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Geological period Перм — орталық Ресейдегі Перм деген өңірінің атымен аталған палеозой заманының ең соңғы кезеңі (299-251 млн жыл).

Бұл кезең солтүстік жартышардағы кең тараған құрылықтық жағдайлармен және оңтүстік жартышардағы мұзданудың байтақ сипатымен жиі белгіленеді. Көптеген хайуанат пен өсімдік топтары, оның ішінде ругозды коралдар (Rugosa), трилобиттер (Trilobita) және бластоид ине терілілер (Blastozoa) өмір тарихындағы ұлы дағдарыстардың бірі болып саналатын перм кезеңінің соңында жаппай қырылу барысында жоқ боп кеткен. Фузулин мен гониатит фацияларының шектеулі таралуы және бейтеңіз шөгінділердің кең дамығаны перм жүйесінің көптеген әр-түрлі аймақтық бөлімшелеуіне әкеп соқты.

Мысалы Қазақстанның геологтары Орыс платформасы мен Оралдың негізінде Перм кезеңін астыңғы пермге кіретін әсел, сақмар, артинск, күнгір және үстіңгі пермге кіретін уфа, қазан, татар деп жеті қабатқа бөледі.

Халықаралық стратиграфия комиссиясы перм кезеңін тоғыз ғасырға бөледі: Орал дәуірін құрайтын әсел, сақмар, артинск, күнгір ғасырлары, Гуадалупа дәуірін құрайтын роуд, уөрд, капитан ғасырлары және лопиң дәуірін құрайтын укиапиң мен шаңсиң ғасырлары.

Сурет:Anteosaurus in landscape.jpg
Антеозавр және кератоцефаллар

Перм жүйесі, перм дәуіріпалеозой дәуірінің ақырғы кезеңі.
Ұзақтығы 48 млн. жылды қамтиды, 299 млн. жыл бұрын басталып, 251 млн. жыл бұрын аяқталған.

Перм жүйесін алғаш ағылшын геологы Р.Мурчисон (1792 — 1871) Батыс Орал бойынан (бұрынғы Перм губерниясының аумағында) бөліп, губерния атымен атады. Геологиялық картаға 1841 Г.П. Гельмерсен түсірген. Перм жүйесі екі бөлімге жіктеледі (кестені қ.).
Перм жүйесі — Жер жүзінде герцин қатпарлықтары нәтижесінде жаралған таулардың көтерілген, теңіздердің шегінген, климаттың айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған уақыты. Орталық Еуропада Орал — Таң-Шаң, Сарыарқа — Алтай, т.б. қатпарлы таулары түзілді. Қатпарлықтар Арал маңын, Батыс Сібірді, т.б. шарпыды. Тау етектері мен жота арасындағы ойыстар тау сілемдерінің бұзылып-шайылуынан жаралған қалың моласса текті шөгінділерге толды (мысалы, Орал бөктері, Теңіз, Жезқазған, Шу, Қарағанды, Зайсан, т.б. ойыстар). Қатпарлы құрылымдардағы қатпарлықтарда (мысалы, Жоңғар — Балқаш, Іле синклинорийі, ШатқалТалас, т.б.) жарылыстарды бойлай жанартаулар атқылап, жанартаутекті тау жыныстардың қалың қабаттары жиылды. Жарылыстар бойында көптеген интрузия денелері кристалданып нығайды. Перм жүйесінде Жер бетіндегі климаттық белдеулер нақтылы айқындалды (мысалы, Орта Азия мен Сарыарқадан Қытайға дейінгі кең өлкені шөл басты). Бастапқы Перм жүйесі заманында экваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай климаттық белдеулер жіктелді. Бір қалыпты ылғал алқаптар Қазақстанда,Моңғолияда, Қытайда және Қиыр Шығыста басым болған.

Тіршілік әлемі

Пермь теңіздерінде карбондағы омыртқасыздар өз тіршіліктерін жалғастырды. Омыртқалылардың дамуында ілгерілеу байқалды. Балықтар көбейіп, тұщы су балықтары да кездесті. Қосмекенділердің дамуы өркендеп, жыртқыш жорғалаушылармен қатар өсімдік қоректі котилозаврлар өмір сүрді. Перм жүйесінің соңында палеозой организмдерінің жаппай жойылуы орын алды. Ылғалды климатқа байланысты тұқымды папоротниктер, кордаиттер, мүктер тез тарады.

Кен байлықтары

Сурет:Permian fossils.jpg
тасқа айналған хайуандар мен өсімдіктер жинағы

Перм жүйесі — Жер тарихында құрғақ кезеңдердің бірі болғанына қарамастан ірі тұз кен орындарымен қатар көмір кен орындарының да түзіле бастауымен сипатталады (26,8%). Көмірлі қабаттар, негізінен, бастапқы перм дәуірінде қалыптасқан. Дүниежүзілік көмір кен орындарының (Печора, Таймыр, Минусинск, Кузнецк, Тунгус, т.б.) және газ қорына бай Шебелин (Украина), Вуктыл (Коми), Гронинген (Нидерланд), Хьюстон (АҚШ), т.б. кен орындары Перм жүйесінде қалыптасты. Калий тұздарының дүниежүзілік қорының басым бөлігі де Перм жүйесінде түзілді. Оларға Верхнекамск (Орал бойы), Каспий т. жағалауындағы, Германиядағы, Делавердегі (АҚШ), т.б. кен орындары жатады. Перм жүйесінде астұз кен орындары да қалыптасты, олардың ішіндегі ең ірісі — Донбасстың солтүстігіндегі Артемовск кен орны. Перм жүйесінде түзілген кентасты пайдалы қазба кен орындарының қатарына Мансфелд мыс кен орны (Германия), Балқаштағы Қоңырат мыс-молибден кен орны, Корнуолл қалайы кен орны (Англия), Мұрынтау алтын кен орны (Өзбекстан), Хайдаркен (Қырғызстан) сынап кен орындары, т.б. жатады.<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>. Үлгі:Permian Footer Үлгі:Paleozoic Footer Пермь жүйесі

Палеозой тобының төменнен есептегенде алтыншы немесе ең жоғарғы жүйесі; бұрынғы бірегей стратиграфиялық шкалада екі бөлімге (төменгі және жоғарғы перм), жеті жікқабатқа жіктелетін (төменгі перм құрамында әсел, сақмар, арт және күңгір жікқабаттары, жоғарғы перм құрамында уфа, қазан және татар жікқабаттары). 2000 жылы Рио де-Жанейро қаласында өткен кезекті Халықаралық геологиялық конгресте бұл жүйені үш бөлімге, тоғыз жікқабатқа жіктейтін аталған шкаланың жаңа нұсқасы бекітілді.

Перм кезеңі

Палеозой эрасының жалпы ұзақтығы шамамен 45 млн жылмен өлшенетін ең ақырғы (төменнен санағанда алтыншы геологиялық кезеңі; бұдан 295 — 250 млн жылдар бұрынғы уақыт аралығы: қамтыған деп есептеледі.

Перм

"Перм жүйесі "және "перм кезеңі "терминдерінің қысқаша атауы.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>