Мақат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан МақатАтырау облысындағы кент, Мақат ауданының және Мақат кенттік әкімдігінің орталығы. Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде орналасқан. Тұрғыны 14 880 адам (2013). Іргесі 1915 жылы “Ембі-Каспий” орыс-ағылшын кәсіпорнының осы тұста алғаш мұнай өндіруіне (1913) байланысты қаланды. Мақат облыстағы мұнай өндіру өнеркәсібінің (кәсіпшілігінің) маңызды орталығы және ірі темір жол торабы болып табылады. Мұнда маңайындағы бірнеше мұнай өндіретін ұңғымаларды біріктіретін Мақат мұнай-газ басқармасы, Мақат локомотив депосы, Мақат темір жол станциясы, автомобиль және темір жол вокзалдары, Доссор автокөлік жөндеу зауыты, сауда орындары, тігін фабрикасы, сондай-ақ әлеуметтік-ағарту орындары жұмыс істейді. Мақат арқылы Атырау — Орск және ҚоңыратБейнеу — Мақат — Индербор темір жолдары қиылысады. Республикалық маңызы бар Атырау — Мақат — Қандыағаш — Орск автомобиль жолы және 1968 жылы салынған Орта Азия — Орталық газ құбыры өтеді. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>
Мақат кентінде 3 мектеп, 6 балабақша, 2 емхана, 2 аурухана, 50-ге жуық ірілі-кішілі әр салалық мекеме, кәсіпорын бар.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Мақат ауданы елді мекендері