Қазақстан компартиясы басқару органдарының қызметі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси жағдай

Республиканың партия ұйымын Ж.Шаяхметов басқарды. Ол ҚК(б)П ОК—нің 1946 жылғы 20—22 маусымдағы Пленумында сайланды. Соғыстан кейінгі кезеңде Коммунистік партия идеологиялық жұмысты күшейтуге кірісті. 1946 жылы БК(б)П ОК-нің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы, «Драмалық театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы», «Большая жизнь» кинофильмі туралы» қаулылары жарық көрді.

Қазақстанда аталған қаулыларды негізге алған саяси науқан 1946 жылғы 26 қыркүйекте Алматыда өткен әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысынан бастау алды. Жазушылардың шығармашылығы саясаттан тыс, социалистік реализм принциптерінен ауытқығандығы үшін сыналды. Жазушы Ә.Тәжібаевты «Біз де қазақпыз» кітабында патшалар мен хандарды мадақтағаны үшін сынға алды. Мұндай жиналыстар республикалың барлық облыстарында өте бастады. Журналдар идеолоғиялык зиянды еңбектерді басқаны үшін кінәлі деп табылды. Театрлар буржуазиялық драматургтер пьесаларын, мысалы, Лопе де Вега, Шеридан, Бомарше, т.б. сахналағаны үшін жазғырылды.

ҚКЖО (Қазақстан кеңестік Жазушылар одағы) белсенді жүргізілген саяси науқан нәтижесінде 1947 жылы қазіргі заман тақырыбына лайық шығарма тудыру жөнінде міндеттеме алуға мәжбүр болды. 1947 жылдың 21 қаңтарында ҚК(б)П ОК-нің «Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысы шықты. Көп ұзамай ҒА-да партия жиналысы өтті. Тіл және әдебиет институтының ғылыми зерттеулер жоспары қайта қаралды, революцияға дейінгі қазақ әдебиетіне байланысты тақырып алынып тасталды. М.Әуезовтің шығармашылық және ғылыми қызметі сыңға алынды. Ол орысқа қарсы, реакцияшыл, кертартпа көзқарасты насихаттаушы ретінде айыпталды. Қаулының мәнін түсіндіру үшін Алматыда ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысы шакырылды. 1948 жылы 23 ақпанда Қазақстан композиторлар одағының жалпы жиналысы өтті. Е.Брусиловский, В.Великанов сияқты сазгерлер «Орыс музыкасы классиктерінің тәжірибесін мансұқ еткені үшін» сынға алынды.

1948 жылы тамызда Қазақстанда Қазақ КСР ҒА ҚК(б)П ОК-нің келісімімен барлық биологиялық және медицина ғылымдары институттары мен секторларының ғылыми-зерттеу еңбектері жоспарын қайта қарауға бұйрық берді. 1948 жылы 21 қыркүйекте ҚК(б)П ОК-нің Бюросы республикадағы агробиология ғылымының жағдайын тексеру туралы шешім қабылдады.

ҚК(б)П-ның кезекті IV съезі 1949 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурыз аралығында Алматыда өтті. Съезде КСРО құрамындағы республиканың экономикасы мен мәдениетін одан әрі дамыта түсу жолдары анықталды, партиялық-ұйымдастырушылық және көпшілік-саяси жұмыстарды жандандыра түсу қарастырылды. 1951 жылы 10 сәуірде ҚК(б)П ОК-нің «Правда» газетінде жарияланған «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан сөз ету туралы» атты мақала жөнінде қаулысы шықты. Бұл қаулы республикадағы тарих ғылымының бұдан былайғы дамуына кері әсер етті. Тарихшы Е.Бекмаханов қуғынға ұшырады. Ол партия қатарынан шығарылды, «кеңеске қарсы әрекеті үшін» қызметінен босатылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Сталиннің жеке басына табыну әшкереленген соң ғана ақталды. Республиканың Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов, А.Н.Самойлович, Е.Исмаилов, Б.Сүлейменов, Қ.Жұмалиев, т. б. көптеген көрнекті ғалымдары құғын-сүргінге ұшырады.

Халық шаруашылығы (1945—1953 жылдары)

IV бесжылдық жылдарында (соғыстан кейінгі бірініші бесжылдық 19461950 жылдары) капиталистік елдермен әскери текетірес жағдайында И.В.Сталин халық шаруашылығы үшін аса қажетті төрт бағытты атап көрсетті: металл — қару-жарақ және кәсіпкерлерге арналған құрал-жабдықтар шығару үшін; жанармай-отын — зауыт, фабрикалар мен транспорттың қызметін қамтамасыз ету үшін; мақтаәскерлерге киім-кешек шығару үшін; астық — әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін.

1947 жылдың желтоқсанында КСРО министрлер Кеңесі мен ҚК(б)П ОК-нің «Ақша реформасын өткізу және өнеркәсіп, азық-түлік тауарларына карточканы жою туралы» қаулысы шықты. Нәтижесінде ашық саудаға көшіп, бірыңғай мемлекеттік бөлшек сауда бағалары белгіленді. Тұтыну тауарларының тапшылығы жағдайында, жеңіл өнеркәсіпті шұғыл дамытуға бағытталған шараларға қарамастан «Б» тобының салаларында жағдай өте нашар күйде қалды. 1950 жылы республикада бар болғаны 65 жеңіл өнеркәсіп орны болды.

1951 жылдың 15—18 желтоқсанында Қазақстан Коммунистік партиясының кезекті V съезі болып өтті. Съезде шаруашылық және мәдени құрылыстар саласында бірқатар кемшіліктер жіберілгендігі анықталды. Ж.Шаяхметов ҚК(б)П ОК-нің Бірінші хатшысы болып қайта сайланды. Тың эпопеясы. Сталин қайтыс болғаннан кейін (1953 жылы 1 нayрыз) жеке басқа табынуға карсы науқан басталды. 1954 жылдың 5-6 ақпанында өткен Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумында Ж.Шаяхметов хатшылық қызметтен босатылды.

Тың көтерілгенге дейін Қазақстан мемлекетке 1,3—1,5 млн т, жақсы шыққан жылдары 2 млн т астық берсе, 70-жылдары орташа жылдық норма 14 млн т болды, оның 6-7 т-ын ғана республика өз қажетіне жүмсай алды. Тың игергеннен бері республика күріш те өсіре бастады Астық сапасы біртіндеп жақсарды. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы ғылымының дамуы өз әсерін тигізді. Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметі жемісті нәтиже бергені белгілі. Бұл институтты көп жылдар бойы академик А.И.Бараев басқарды. Қазақстанның селекционерлері астық дақылдарының құрғақшылыққа және аязға тәзімді сорттарын көптеі шығарды.

Тың игеру Қазақстанның өндіргіш күштерін дамыту мәселесіндегі қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түсті. Тың игеруге өте көп мөлшерде материалдық және қаржы қоры жұмсалды. Республика 19541956 жылдары көптеген тракторлар мен астық комбайндарын, жүк таситын және арнаулы машиналар, электр станцияларын, трактоp соқаларын, дәнсепкіштер сатып алды. 19541958 жылдары мемлекет ауыл шаруашылығын механикаландыру, өндірістік құрылыс мекемелерін салу үшін 9,7 млрд сомнан астам қаржы жұмсады. Соның нәтижесінде тың жердің өндірістік инфрақұрылымы республиканың өзге аймағына қарағанда қарқынды дамыды. Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстары бұл салада қысым көрді. Бұл жақта өндіргіш күштер тапшылығы өсті, әлеуметтік-экономикалық жағынан да тың игерілген аудандардан артта қалушылық байқалды.

Өндірісті басқарудың тетіктерін жақсарту мақсатында Коммунистік партия 1957 жылдың ақпанында басқарудың салалық емес, аумақтық принципіне көшті. Қазақстанда төмендегідей Халық шаруашылығы кеңестері (ХШК) құрылды: Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Семей, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Гурьев. ХШК бұрынғы әдіспен жұмыс істеуді жалғастырды. Мекеме басшылары мен еңбекшілер орталықтан басқару әдісіне бой үйретіп үлгерген еді. Ауыл шаруашылығын Көтеру арқылы халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мөселесін партия өз басшылығына алды. Бұл үшін КОКП үлкен-үлкен үш ауқымды бағдарламаны алға ұсынды:

  • тың игеруді одан өрі жалғастыру;
  • жүгері мен басқа да мәдени егіс түрлерін кеңінен өсіру;
  • ет пен сүт өнімдерін молайту мақсатында мал шаруашылығын өркендетудің аса ауқымды бағдарламасын қолға алу.

1957 жылғы қыркүйектен — 1960 жылғы қаңтарға дейін республика партия ұйымын Н.И.Беляев басқарды. КОКП ОК-нің Пленумы (1958 жылы ақпан) машина-трактор станцияларын таратын, техникасын ұжымшарларға сатқан дұрыс деп тапты. Қазақстан ұжымшарлары мемлекеттен трактор, комбайн, т.б. ауыл шаруашылығы техникаларын — барлығы 160 млн сомға сатып алуға мәжбүр болды. Ал бұл техникалардың басым көпшілігі тозып біткен болатын, Беляевтің тұсында тың өлкесін құру дайындығы аяқталды.

Қазақстан 19601980 жылдарда. 1959 жылдың 14-15 қаңтарында өткен ҚК(б)П-ньң ІХ съезі КСРО-ның 19591965 жылдарға арналған халық шаруашылығын өркендетудің жетіжылдық жоспарынын жобасын талқылауға арналды. 1960 жылы 19 каңтарда Қазақстан компартиясы ОК-нің пленумы өтті. Д.А.Қонаев ҚК(б)П ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды. 1960 жылдың 10—12 наурызында ҚКП-ның X съезі өтті. Съезде жетіжылдық жоспарды мерзімінен бұрьш орындаудың іс-шаралары анықталды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы болып тағы да Д.А.Қонаев сайланды. КОКП-ның жаңа Бағдарламасы — коммунистік қоғам орнату бағдарламасын қабылдауды міндетіне алған КОКП-ның 1961 жылдың 17—31 қазаны аралығында өткен XXII съезі карсаңында Қазақстанда партияның XI съезі (27—29 қыркүйек) ашылды. Партия Жарғысына сәйкес аталмыш съезден соң әр бес жыл сайын съезд өтіп отырды.

Екі жылдан кейін, яғни 1964 жылдың караша айында өткен КОКП ОК-нің Пленумы партияны аумақтық-өндірістік белгілер бойынша қайта құру кағидаларын мақұлдады. Нақтылап айтсақ, бұл шара партия басшылығының өзгеруіне байланысты жүргізілді. 1964 Жылдың қазанында Н.С.Хрущев басшылықтан кетті де, оның орнына әуелі бірінші хатшы, ал 1966 жылдан бастап КОКП ОК-нің Бас хатшысы болып Л.И.Брежнев сайланды. Бұл орында ол 1982 жылға дейін отырды.

60-жылдардың ортасындағы шаруашылық реформасы. Л.И.Брежневтің тұсында елде реформа жүргізу әрекеті байқалды. Экономика саласында 60-жылдардың ортасында халық шаруашылығы экономикалық тиімділік пен жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшуді колға ала бастады. Ендігіде өндіріс орындарындағы жұмыстың негізгі көрсеткіші өндірген өнімнің жалпы мөлшерімен емес, керісінше, оны қаншалықты дәрежеде өткізе білудің әдіс-тәсілімен өлшенетін болды. Халық шаруашылығы кеңесі таратылып, Орталық өндірістік министрліктер қайта қалпына келтірілді. Өндіріс мекемелерінің басы- байлылығы көзделіп, міндетті түрдегі экономикалық көрсеткіштердің енны мейлінше қысқартылды. Оның есесіне өндірілген өнімнің бағасын Баға жөніндегі мемлекеттік комитет белгілеп отырды. Ал мемлекеттік жабдықтаудың құрылуы жоғарыда айтып өткен өндіріс мекемелерінің Пасыбайлылығына қарама-карсы әсер етті. Кеңестік экономикалық ғылымда, шындап келгенде, «Жеке меншіктің социалистік түрі» деген ұғым шындап колға алынған емес. Халықтық жеке меншікті иемдену құқығы Коммунистік партия басшылығындағы мемлекет қолында болды. Сондықтан да XX ғасырдың 60-жылдарындағы реформалар басталмай жатып аяқсыз қалды. Ал республикамыз партияның орталық органдары белгілеген шешімдер шеңберінде шектелді.

1977 жылғы 7 қазанда КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі жаңа Конституцияны бекітті, ол 1936 жылғы Конституцияның орнына келді. Конституцияда ел «социализмнің дамуы» сатысына көтерілді деп қорытынды жасалды. Бұл жаңа термин 80-жылдардың басында «коммунизмге өту» идеясын кемсітушілік жағдайында енгізілген.

Конституцияда КОКП-ның басқарушы және бағыттаушы рөлі бекітілді (6-бап), мәдениет пен спорт саласында қоғамдық ұйымдардың да рөлі арта түсті.

Д.А.Қонаевтың басшылығымен қазақтар партияның да, өкіметтің де жетекшілік қызметтеріне көптеп тартыла бастады. Сол кездерде сан жағынан орыстардың жергілікті кадрлардан басымдығы бұрынғыдай, емес азая бастады. Бұл әсіресе 1971 жылдан кейін, Д.А.Қонаев партияның Саяси бюросының толық мүшесі болып сайланғаннан кейін күшейе түсті.

Бүгінде, Кеңес өкіметі кезіндегі республика партия қызметкерлерінің қызметіне талдау жасай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады. Орталықтың қысымына қарамастан, республика басшылығы Қазақстанды қандай жағдайда да дамыта түсуге ұмтылды. 19601970 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптік сипаттағы ғана емес, мәдени-тұрмыстық саладағы да құрылыстар мен объектілерді салу қарқынды жүрді. Бұлар — Медеу спорт кешені, Қазақстан қалаларындағы шағын тұрғын аудандар, мәдениет сарайлары, ірі әмбебап дүкендер, т.б. көптеген құрылыстар. Бұл кезеңде құрылған экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени құрылым кейінгі кезде Тәуелсіз Қазақстанның күш алып кетуіне негіз болды.

XX ғасырдың 70—80-жылдарындағы социалистік экономиканың дамуы. 19701980 жылдарда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында өсу қарқынының баяулауы байқалды. Ал сырт көзге осіресе 70-жылдары өнеркәсіптің дамуы өте қарқынды болып көрінді. Қазақстан түсті металлургияның негізгі базасы болып есептелді, кең байтақ елде жылу-энергетикалық кешен қалыптасты, химия саласы ұлғайды, қара металлургия өсе түсті. Кен байыту секторы айтарлықтай ілгеріледі, жоғары технологиялық өнім өндіру, керісінше, жоққа тән еді.

Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін азайту жалғыз жол болып табылады. Ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін басшылық көптеген реформалар жүргізді. 70-жылдардағы Коммунистік партия пленумдарының басым көпшілігі ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін қарауға арналды. Партия жыл сайын капитал салу көлемін ұлғайтты, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу деңгейін қайта қарастырды, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды кеңінен қолдануды ұсынды, суландыру бағдарламасын іске қосты, т.б. Алайда аталған шаралар ауыл шаруашылығы салаларын дамытудағы жағымсыз көріністі жоя алмады. Өйткені елдегі ұжымдық (шындығында, мемлекеттік) шаруашылық өндірістің дамуын қамтамасыз етуге емес, дайын өнімді иеленуге бағытталғанды.

Ядролық сынақ алаңдары

Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан АҚШ пен КСРО арасындағы әскери-стратегиялық бәсеке едөуір маңызға ие бола бастады. 1947 жылдың 21 тамызында КСРО мемлекеті арнайы қаулымен атомдық зерттеу сынак алаңын ашу туралы шешім қабылдады. Таңдау Қазақ даласына, оның ішінде Семей қаласы маңына түсті. Сол жылдың күзінде сынақ алаңының құрылысы басталып та кетті. 1949 жылдың тамыз айында ядролық сынақ жүргізіле бастады.

Азғыр атом сынақ алаңы Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайтын үш мыңға жуық адам қоныстанған бір кездегі «Балқұдық» кеңшарының аумағында орналасты. Жарылыстар тұрғындарды басқа жерге көшірместен, елді мекендердің ортасында жүргізілді. Сынақ алаңында 17 рет жер асты жарылысы болды. Алғашқы жарылыс 500-дей тұрғыны бар Азғыр ауылынан 1,5 шакырым қашықтықта 160 метр тереңдікте болған. Жарылыстан соң осы алаңнан 20 тәулік бойы ауаға көтерілген улы заттар 5,4 млн люциді құраған. Бұдан кейінгі жарылыстарда да жер астындағы шұңқырлардан екі тәуліктен 11 айға дейін радиактивті заттардың ауаға шығып тұрғаны тіркелген.

Азғыр атом сынақ алаңында жарылыс 1979 жылы тоқтатылды, бірақ ондағы экологиялық жағдай қалыпқа келген жоқ. Азғырдағы кейбір жарылыс алаңдарында топырақта цезий нормадан 220 есе, плутонийда калыптағыдан 240 есеге дейін артық екендігін көрсеткен.

Байқоңыр ғарыш айлағы

Байқоңыр ғарыш айлағы планетадағы 19 айлақтың бірі. Ол Қызылорда және бұрынғы Жезқазған облыстарының көлемді аумағына, Төретам темір жол станциясының маңында орналасқан. Оның салыну тарихы соғыстан кейінгі халықаралық жағдайдың ушығып кетуіне байланысты. Кеңес өкіметі елдің қауіпсіздігін нығайту үшін бірқатар шаралар қолдануға мәжбүр болды. 1947 жылы 18 қазанда Капустин Ярдағы ұшыру қондырғысынан бірінші баллистикалық зымыран ұшырылды.

Арал мен Балқаштың өзекті мәселелері

1995 жылға дейін Арал теңізі өзінің байырғы көлемінің төрттен үшінен айырылды. Су деңгейі 19 метрге дейін төмендеді. Құрғап қалған теңіз табаны 33 мың шаршы шакырымға дейін жетті. Арал маңы аймағына қатысты кеңестік шаруашылық жоспарының қателігі салдарынан мыңдаған тонна тұз бен ауыл шаруашылығы химикаттары ауаға таралды. Бұл аймақтың кең жазығы мақта мен күріш егуге, одан мол өнім алуға барынша қолайлы деп табылып, Амудария мен Сырдария ағысын Шардара су қоймасына бұру арқылы егістік жер барынша ұлғайтылды. Мұның соңы табиғаттың о бастағы тепе-теңдігін бұзып, Арал маңы экологиясының нашарлауына әкеліп соқты.

Теңіздің тартылуымен бірге аймақтың климаты да өзгерді. Бұрын Арал өзінше климат реттегіш рөлін атқаратынды. Оның айдыны Сібірден соқкан суық желді жұмсартып, жаз айларының ыстығын басуға әсер ететін. Су айдынының айтарлықтай тартылуы салдарынан аймактағы ауа райы шұғыл континентті болып кетті. Қысқа жаз құрғақ әрі аптапты, ал қысы суық әрі ұзаққа созылатын болды.

Осы жағдайларға байланысты БҰҰ 1993 жылдан бастап Аралдың өзекті мәселесін шешудің жолдарын қарастыра бастады. Бірақ бұл тым кеш еді. Арал теңізі тағдырын шешуге оның маңайында орналасқан мемлекеттермен қатар дүниежүзілік қауымдастық та атсалысуда. 1994 жылы үш аймақаралық ұйым: Арал теңізі мәселесі бойынша мемлекетаралық Кеңес, Аралды құтқарудың халықаралық қоры және экологиялық комиссия құрылды. Бұл халықаралық ұйымдар Арал аймағы елдерімен — Қазақстан және Өзбекстанмен бірігіп әрекет етуде.

Балқаш көлінің экологиялық жағдайы тұрмыстық қоқыстар мен Балқаш мыс қорыту комбинатының өнеркәсіп қалдықтарына да байланысты. Балқаш бассейні бірыңғай табиғат, экологиялык және экономикалық жүйе ретінде қорғауды және тиімді пайдалануды талап етеді. Республика Экоресурстар министрлігі жанынан 1996 жылдың 214 шілдесінде балық түрлерін сақтау және балық аулауды реттеу мақсатындағы Іле-Балқаш бассейні басқармасы құрылды. Аталған басқарма бірегей көлді экологиялық сақтау жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған. Ендігі Балқаш тағдыры осы басқарманың қалай жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Балқаш көлі пумағында Алматы, Қарағанды, Жамбыл синқты үш бірдей облыс барын, оларда 3 млн-ға жуық халық тұрып жатқанын ескерсек, мұның маңызы арта түспек. Дағдарыс жағдайларының күшеюі. Қазақстандағы экологиялық мәселелердің осыншалықты асқынуын тек экономиканы басқарудың кемшіліктерінен іздесек, әбестік болар еді. Мұнда кеңес қоғамындағы саяси тоқыраудың азды-көпті үлесі бар. Бұл тоқырау 1980 жылдың басында мына төмендегі мәселелер арқылы көбірек көрініс тапты:

  • еңбек тәртібінің босаңси бастауы;
  • ведомстволықтың күшеюі;
  • көпшілік арасында ішімдіктің бел алуы;
  • негізгі мәселелерді шешуде жұртшылық пікір-ұсыныстарының ескерілмеуі.

1985 жылдың сөуірінен бастап КОКП, коғамның жетекші күші есебінде «Қайта құру» бағытын қолға алды. «Қайта құру» КСРО-ның қоғамдық-саяси және экономикалық өмірін түбегейлі өзгертуге тиіс болатын. Нәтижесінде жариялылыққа, сөз бостандығына, орталық пен одақтық республикалардың өзара қарым-қатынасын қайта қарауға, Коммунистік партияның айтарлықтай сынға ұшырауына, саяси жариялыққа, ең соңында көппартиялық жүйеге жол ашып берді. КОКП Кеңес Одағының козғаушы және бағыттаушы күші беделінен айырылды. Коммунистік партияның банкротқа үшырауы алдымен оның қоғамды экономикалық тығырықтан алып шыға алмауынан көрінді.

Қазақстан Коммунистік партиясының тарихы оның іс-әрекеті мен қызметіне баға беруде тек ақ пен қара жағын ғана назарда ұстағаны болмаса, кеңес дәуірінде өз дәрежесінде зерттелген жоқ. Іс жүзінде партия тарихының бірқатар өзекті мәселелері қозғаусыз қалып отырды. Қайта құру кезеңінде (19851991 жылдары) ұжымдастыру, ұлт мәселесі көптеген еңбектерде жарық көріп, біздің еліміздің шынайы өткеніне көз жеткізуге деген қызығушылық байқалды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда партия қызметі елдің экономикалық және қоғамдық-саяси қызметі негізінде зерттеле бастады.

80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басындағы Коммунистік партиядағы дағдарыс

1985 жылы көктеміне қарай елде экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді. М.Горбачевтің билікке келуімен КСРО-да реформалар кезеңі басталды. 1985 жылы сәуірдегі КОКП ОК Пленумында «Жеделдету» және «Жариялылық» ұрандары көтерілді. Жеделдету экономиканы дамыту қарқынын жеделдетуді көздеді, бұл өкіметтің ел экономикасындағы проблемаларды шешуге дәстүрлі көзқарасын білдіретін еді. Жариялылық дегеніміз — жоғары сатыдағы басшыларды сынауға рұқсат беруден басталып, тарихи санаға еркіндік әперіп, сөз бостандығына алып келді. Жариялылық ресми емес ұйымдардың ашық бойкөрсетуіне көмектесті. Коммунистік партия қоғамның ресми пікірін білдіруші рөлінен айырылды. Партия көзқарасына келіспеушілік білдіруге жол ашылды. Нәтижесінде партияның өз ішінде бөліну, ыдырау байқала бастады.

Коммунистік партияның дағдарысы қатардағы коммунистердің болып жатқан өзгерістерге түсінбеушілігінен басталды. Партия дағдарысы, ең алдымен, дүниетаным дағдарысы. Қазақстандағы партия ұйымдарының мүшелері партиядан шығып, оның қатары сирей бастады.

1991 жылғы көктемнен бастап КОКП ОК-і саяси білім беретін оқу орындары мен ғылыми жүйені реформалауға кірісті. Осы арқылы партия өз қызметін жаңғыртып, қоғамның дамуына ғылыми болжам жасауды жүзеге асыруға, кадр саясатын жетілдіруге тырысты. Алайда уақыт өтіп кеткен еді, көпшілік жерде шығынды азайту үшін парткабинеттер мен коғамдық саяси орталықтар асығыс жабыла бастады, өйткені көптеген үгітшілер жергілікті жерлерде адамдардың нарықтық экономика, партияның әлеуметтік саясаты турасындағы сурақтарына жауап бере алмайтын.

Компартияның ішіндегі кейбір кертартпа күштер Орталыққа ел билігіндегі тоталитарлық күшін қайтаруға тырысты. 1991 жылы тамыз айында мемлекеттік төңкеріс әрекеті жасалды. Радио және теледидар арқылы вице-президент Г.Янаев М.Горбачевтің «денсаулығының нашарлауына байланысты» КСРО-дағы барлық билік 6 айға ТЖМК (Төтенше жағдай женіндегі мемлекеттік комитет) қолына көшкендігін мәлімдеді.

Қазақ КСР Президенті Н.Назарбаев 1991 жылы 19 тамыз күні Қазақстан халқына арналған сөзінде Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілмейтіндігі, Қазақ КСР Конституциясы және мемлекеттік егемендік туралы Мәлімдемеге сәйкес барлық билік кеңес органдарының қолына өтетіндігі жайлы мәлімдеді.

Компартияның күш жұмсау әдісі арқылы барлық билікті өз қолына қайта алу әрекеті оның коғам алдындағы беделінен біржолата айырды. Республикадағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақ КСР Президенті Н.Назарбаев 1991 жылы 22 тамызда саяси партиялардың, өзге де қоғамдық ұйымдар мен прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, заң, мемлекеттік арбитраж, сот және кеден органдарындағы қоғамдық қозғалыстардың әрекетіне тыйым салған Жарлық шығарды. Мемлекеттік органдарды партиядан бөлектеу ісі саяси күштердің құқық корғау және әділ сот органдарына әсер етуіне жол бермеу мақсатын көздеді.

1991 жылы 24 тамыз күні КОКП ОК-нің Саяси бюросына Н.Назарбаевтан оның құрамынан шығатындығы жөніндегі мәлімдемесі түсті, 1991 жылы 25 тамызда «Қазақ КСР аумағындағы КОКП мүлісі туралы» Жарлық жарық көріп, ол бойынша республика аумағындағы барлық КОКП мүлкі мемлекет меншігі деп жарияланды. 28 тамыз күні ҚКП ОК-нің V Пленумы шақырылып, онда КОКП-ның қазіргі жағдайы талқыланды. Кезектен тыс партия съезін шақыруға шешім қабылданып, оны даярлайтын ұйымдастыру комитеті құрылды, ҚКІI ОК-нің қызметі тоқтатылды.

1991 жылы 7 қыркүйекте ҚКП төтенше XVIII съезі ашылып, 591 адам делегат болып келді. Күн тәртібінде елдегі және КОКП-дегі саяси жағдайға байланысты Қазақстан компартиясының мәселесі қаралды. Съезд 760 мың адам мүше болып табылатын Қазақстан коммунистік партиясы КОКП құрамынан шығып, жеке саяси ұйым болатындығы жөнінде қаулы қабылдады. Ұзақ дау-таластан кейін оны Социалистік партия деп өзгерту туралы шешім шығарылды.<ref>Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-106-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Kz-hist-stub