Шығыс Қазақстан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қазақстан өңірі Шығыс Қазақстан - Қазақстанның шығысында, солтүстігінде Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытай елімен шекаралас аймақта орналасқан өңір. Батысында Сарыарқа, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысымен шектесіп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы аумағын қамтиды. Ірі қалалары: Өскемен, Семей.

Жер бедері

Шығыс Қазақстанның жер бедері биік таулы, жоталы. Шыңдарының көпшілігін мәңгілік қар және мұздықтар жапқан. Алтайдың ең биік шыңы - Мұзтау (Белуха) (4506 м). Үлбі өзені аңғарында жылына 1570 мм жауыш-шашын түседі. Бұл - еліміздегі ең жоғарға көрсеткіш. Таулардан бастау алған көптеген өзендер тау етегіндегі құнарлы жазықтар мен ірі тауаралық қазан-шұңқырларды суландырады.

Көлдері

Шығыс Қазақстанның басты су күретамыры - Ертіс. Аудан аумағындағы ірі көлдер: Зайсан, Алакөл, Сасықкөл, Марқакөл және т.б. Зайсан көлі Бұқтырма СЭС-ның салынуына байланысты көтеріле келіп, су қоймасының едәуір бөлігін қамтитын болды.

Қатынас жолдары

Теміржол және автомобиль жолдары арқылы Шығыс Қазақстан Батыс Сібірмен, Ресейдің еуропалық бөлігінің аудандарымен және Орта Азия республикаларымен жалғасады. <ref>Бейсенова Ә.С., Қирабаев Ә.С. Қазақстанның географиялық атласы.- Алматы: "Атамұра", 2013.- 104 бет. ISBN 978-601-282-832-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтары