Азғыр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Азғыр — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл. Азғыр ауылдық округіне қарайды. Аудан орталығы Ганюшкин селосынан 310 шақырым жерде.
Тарихы
1928-1930 жж. арасында Азғыр Орал округының Азғыр ауданының орталығы болды.
"Азғыр" ядролық полигоны
Үлгі:Main Азғыр ядролық полигоны (әскери шартты аты «Галит») – бұрынғы КСРО Қорғаныс минститрлігі мен Атом өнеркәсібі минститрлігі және Бүкілодақтық эксперименттік физика ғылыми-зерттеулер институты («Арзамас-16») мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы.
Халық саны
1999 жылы ауылдың халқы 601 адамға тең болды (316 ер және 285 әйел адам). 2009 жылға қарай ауыл халық саны 580 адамға азайған (290 ер және 290 әйел адам).