Сағыз мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Мұнай кен орны

Сағыз мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеулік өңіріндегі мұнай кен орны. Атырау облысында, Доссор станциясының шығысында 20 км жерде орналасқан, 1937 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Жергілікті тектоникалық тұрғыдан кен орны үш қанатты түзкұмбезді құрылымнда орын алған. Төменгі бордың, ортаңғы юраның және пермь-триастың шөгінділері мұнайлы болып саналады. Қиманың өнімді аумағында 12 мұнайлы горизонт бөлінген. Олар төменгі бор, юра, пермь-триас таужыныстарынан орын алған. Төменгі бор горизонттары 31-422, ортаңғы юра 131-178, пермь-триас 174-1083 м тереңдіктерде жатыр. Төменгі бор жатындарының биіктігі 6-133 м, ортаңғы юрадағылардікі 10-145 м, пермь-триастағылардікі 60-161 м. Су-мұнай жапсары -87-1266 м белгілерден жүргізіледі.

Жатыс сипаты

Жатындар қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған, қойнауқаттық, литологиялық тұрғыдан, қалқаланған. Өнімді горизонттар терригендік таужыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті. Төменгі бор горизонттарының мұнайға қаныққан қалыңдығы 2,4-11,3 м-ді, ортаңғы юранікі 2,25-18 м-ді, пермь-триастікі 9,35-15,1 м-ді құрайды. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 20%-дан 30%-ға дейін өзгереді, өтімділігі, тиісінше, 0,872-2,31 мкм2, 738 мкм2. Мұнайға қанығу коэффициенті 0,56-дан 0,7-ге дейін ауытқиды. Мұнайдың бастапқы шығымдары 0,1-21 м3/тәу. Газдық факторы 14-65 м3/тәу. Бастапқы қойнауқаттық қысым 0,9-7,0 Мпа, температура 13-45°С.

Құрамы

Мұнайдың тығыздығы 795-89-7,2 кг/м3. Мұнайы аз парафинді (0,33-1,1%), аз шайырлы (10,2%), 0,09-2,2% күкірт бар. Ілеспе газ метаннан (74,5-91,4%), этаннан (7,2-15,7%), пропаннан (0,04-0,3%), изобутаннан (0,04-0,46%), н-бутаннан (0,04-0,3%), азот пен сирек газдардан (0,016-0,043%), көмір қышқыл газынан (0,3-0,88%) тұрады. Төменгі бор, ортаңғы юра горизонттарының режимі суарынды, пермь-триас жатындарында гравитациялық болып қалыптасқан. Хлоркальцийлі қойнауқаттық суларының тығыздығы 1071-1167 кг/м3, минералдылығы 106,6-220,3 г/л. Кен орнында жұмыс 2000 жылдан бері тоқтатылған. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер