Доссор
Доссор — Атырау облысының Мақат ауданындағы кент, темір жол стансасы, Доссор кенттік әкімдігінің орталығы. Аудан орталығы — Мақат кентінен батысқа қарай 28 км жерде, Каспий маңы ойпатының шығыс жағындағы шөлдік белдемде, Дос атты сордың шетінде орналасқан.
Мазмұны
Халқы
- 11 470 адам
- 9283 адам
Тарихы
Іргесі 1911 жылы Жайық — Жем өңірінде ашылған тұңғыш мұнай кенін игеру негізінде қаланған. Доссорда 1911 жылы тұрғын үйлер көптеп салына бастады. “Орал — Каспий” қоғамы қазіргі кенттің солтүстігіне, “Ағайынды Нобельдер” қоғамы солтүстік-батысына, “Қосалқы кәсіпорындар жолдастығы” оңтүстігіне, “Ембі — Каспий” қоғамы шығыс бетке құрылыс жұмыстарын жүргізді. Осы құрылыстардың шет жақтарында қазақ жұмысшыларының жертөлесі мен жеркепелері көбейе бастады; олар кейін “Қазақ ауылы” деген атқа ие болды. Кенттегі көзге түсер ғимараттардың барлығы осы арада шығарылған кірпіштен салынды. Доссордың ұлғаюына 1926 жылы салынған Гурьев (қазіргі Атырау) Доссор тар табанды және 1940 жылы тұрғызылған Гурьев — Қандыағаш кең табанды темір жолдарының салынуы игі ықпал жасады.
Инфрақұрылымы
Мұнда “Ембімұнай” бірлестігіндегі мұнай өндіретін ірі орталықтардың бірі “Доссормұнай” мұнай өндіру кәсіпшілігі, оның басқармасы, автомобиль жөндеу зауыты, Атырау мұнай барлау экспедициясының механикалық шеберханасы, “Ембімұнай” бірлестігінің құрылыс-монтаж басқармасы, жол-құрылыс және тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар, орта мектеп және мектеп-интернат, сегіз жылдық мектеп, кәсіптік-техникалық училище, музыка мектебі, аурухана, туберкулез және тері аурулары диспансерлері, клуб, демалыс бағы бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен сор арасындағы өткелге салынған автомобиль және темір жолдары арқылы байланысады<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>.
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Мақат ауданы елді мекендері