Бейнеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

БейнеуМаңғыстау облысындағы ауыл. Бейнеу ауданының орталығы, темір жол стансасы.

Тарихы

Іргесі 1916 жылы қаланған.

1948-1963 жылдар аралығында Бейнеу өңірін игерудің бірінші кезеңі аяқталады. Екінші кезең 1963 жылы Мақат-Маңғыстау, Бейнеу-Қоңырат теміржолдарының салынып, пайдалануға берілуінен бастау алады. Бұрынғы «Жібек жолы» торабы қайтадан ел мен елді жалғастыратын, араластыратын күретамырға айналды. Бейнеу стансасының бағы жанып, тоғыз жолдың торабы, Орта Азияға шығатын Қазақстанның қақпасы атанды.

Теміржол стансасы негізінде Бейнеу поселкесі қалыптаса бастады. 1965 жылғы 26-қаңтарда Гурьев облыстық кеңесі атқару комитетінің «Ембі ауылдық кеңесінің орталығын көшіру туралы» №17 қаулысына орай, Ембі ауданының Молқат елді мекенінде болған ауылдық кеңес Бейнеуге көшіріледі. Сол жылы өткен жергілікті Кеңестердің сайлауынан кейін, ауылдық кеңестің атауы Бейнеу поселкелік кеңесі болып өзгертілді. Ауылдық кеңестің ілкі қалыптасуына басшылық жасаған төраға Мұрын Ысмағұлов Боранқұл поселкелік Кеңесіне төраға болып кетеді де, сайлаудан кейін аты өзгерген Бейнеу поселкелік кеңесіне Шанықұл Иманбаев төраға болып сайланады.

Бұған дейін Ембі ауданына қараған Бейнеу поселкелік кеңесі 1967 жылдың 16-тамызынан бастап Маңғыстау ауданы қарамағына беріледі. Бейнеу поселкесінің жан-жақты қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген адам – Ш. Иманбаевтан кейінгі төраға, Ұлы Отан соғысының ардагері Ш. Шыңғысов, одан кейін Нұрбай Жақашев, Оңғарбай Дәулетбаев, Жұлдызбай Есбосынов, Жеткізген Рзаевтар төрағалық етті. Кейін әкімшілік басқару жүйесі қалыптасқанда, М. Сейілханов әкім болады да, беріректе Қ. Әбілшеев, А. Ұлықпанов, Д. Жоламанов басшылық етті.

Орталық Азия газ құбыры желісі тартылып, компрессор стансасының орналасуы, Бейнеу поселкесінің өсуіне зор әсерін тигізді. Газшылар Бейнеу мен Боранқұл ауылдарын сәнді ғимараттармен әрлей түсті. Айналасы он жылдың ішінде Бейнеу теміржолшылардың, газ бен мұнай тасымалдаушылардың, құрылысшылардың көшелері көк желекке толы қала типті мекеніне айналды. 1969 жылы Сам өңірін өріске толтырған мал фермаларының негізінде Маңғыстау кеңшары (директоры Таушан Қорбақов) құрылды.

Халқы

Тұрғыны:

Инфрақұрылымы

Бейнеуде Орта Азия – Ресей газ құбырының компрессорлық станциясы, магистральдық мұнай құбырының және су құбырының мұнай және су айдау станциялары, т.б. тұрмыстық қызметтердi көрсету орындары бар.

Білім беру, мәдениет және спорт саласы

Атамекен орта мектебіне қосымша құрылыс, Бейнеу селосындағы Ж.Аймауытов, Шағырлы көшелеріндегі 140 орындық екі балабақшалары салынды.

Бейнеу санаторлық балабақшасына, орталық стадионға, Балауса балабақшасының темір шарбағына, Ж.Қалдығараев, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептерінің, Қ.Бақтыбайұлы атындағы өнер мектебінің, Бейнеу гимназиясы, «Ұстаздар үйі» ғимараттарына, Бейнеу балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылда 160 орындық денешынықтыру–сауықтыру кешенін, спортзал ғимаратын құру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы

2015 жылы селодағы шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындардың есебінде қой мен ешкі – 25396 бас, жылқы – 995 бас, түйе – 4700 бас, сиыр – 1569 бас болып отыр. Бейнеу ауылындағы М.Жұмабаев көшесіндегі мал базардың ғимаратына және шатырына 2015 жылы жөндеу жұмыстарын өтті.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Бейнеу ауданы елді мекендері