Индербор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан ИндерборАтырау облысы, Индер ауданындағы кент, Индер ауданының және кенттік әкімдігінің орталығы. Жайық өзенінің сол жақ беткейінде, Индер көлінен солтүстік-батысқа қарай 9 км және Атырау қаласынан солтүстікке қарай 190 шақырым жерде орналасқан<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>.

Тарихы

Іргесі Индер кентінің маңында ашылған борат және ас тұзы кен орындарын игеруге байланысты 1935 ж. қаланған<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>.

Инфрақұрылымы

Басты кәсіпорны "Индерқұрылысиндустрия" акционерлік қоғамы борат кенін, гипсокартон өндіруші кәсіпорын. Сонымен қатар Орта Азия-Орталық газ құбырының "Жайықтрансгаз" бірлестігі, ас тұзын өндіру кәсіпорны, баспахна, ДСУ-38 жол құрылыс мекемесі, орталық жылу жүйесі жұмыс істейді.1989 ж. "Мақат-Индер" темір жолы іске қосылды. Жайық өзенінен жаңа көпір салынды.

Халқы

Тұрғыны 12915 адам (2009)<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Индер ауданы елді мекендері