Карбонатиттік кендер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Карбонатиттік кендер– ультранегізді-сілтілі магмалық тау жыныстарымен (карбонатиттер) байланысты түзілген және оларда шоғырланған кен орындары тобы. Карбонититтік кендер негізгі 6 формацияға бөлінеді:
- 1) перовскитті титан-магнетитті гипербазиттер арасындағы орташа қорлы линза, желі, белдем пішінді кендер. Олардан темір, титан, тантал, ниобий, сирек жер элементтері өндіріледі;
- 2) уртиттер мен ийолиттер арасында алюминий өндірілетін шикізат – нефелинді жыныстар шоғырланады. Кен денелері пішінсіз немесе желі түрінде болады. Қоры орташа;
- 3) апатит-магнетит-форстерит құрамды жыныстардан темір, фосфор, тантал, ниобий, цирконий, уран алынады. Кен денелері шток, штокверк, белдем пішінді. Қоры орташа;
- 4) флогопитті скарн кендері өте ірі, жоғары сапалы, кен денелері белдем, желі, линза пішіндес болады. Олардан флогопит, вермикулит және фосфор өндіріледі;
- 5) гатчеттолитті-пирохлорлы кальцитті карбонатиттер
арасындағы кен денелері белдем, штокверк, түтік пішіндес. Мұнда ниобийдің аса ірі және жоғары сапалы кендері кездеседі. Сондай-ақ тантал, фосфор, уран, торий, цирконий өндіріледі;
- 6) колумбитті бастнезитті-анкеритті карбонатиттер салаланған белдемдер, штокверк, желі тәрізді кен денелерін құрайды. Олардан ниобий мен цезий тобы элементтері және торий, [[молибден[[, мыс алынады.
<ref name="test">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9,</ref>
Дереккөздер
<references/>