Гипербазит

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Гипербазит — құрамында дала шпаттары жоқ немесе аз, кремнезем мөлшері өте аз (SiO2 < 45%), негізінен түсті минералдардан тұратын магмалық таужыныстардың жалпылама атауы. Оларды үш топқа бөлуге болады:
1) пироксениттер мен горнблендиттер;
2) перидотиттер;
3) оливиниттер мен дуниттер.
Бұл топтардың әрбіреуі жекелеген таужыныстардың бірнеше түрлерін біріктіреді. Синонимдері: ультранегізді таужыныстар, ультрабазиттер; ультрамафиттер.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Geology-stub