Скарн
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Skarn2.jpg
CКарн: микроскоп арқылы көрінісі
Скарн<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> (швед тілінен scarn — тастанды, пайдасыз жыныс) — әкті-магнийлі-темірлі силикаттардан және алюмосиликаттардан құралған метасоматитті тау жынысы.
- Карбонатты тау жыныстары мен қышқыл магманың, түрлі алюмосиликатты тау жыныстарының жоғары температуралық аумағында, магмалық ыстық ерітінділердің химиялық әсерінен әкті Скарн.
- Ca-Mg-Fe силикаттарынан тұрады және магнийлі скарн (магний минералдарынан тұрады) қалыптасады.
- Минералының
- құрамына байланысты скарн жай және күрделі
- генетикалық жағынан метасоматитті, автометасоматитті
- интрузиялар жапсарында орналасуына қарай эндоскарндар, экзоскарндар, тағы басқа болып бөлінеді.
- Жаралу тереңдігіне қарай
- гипабиссалдық (1 — 3 — 4 км)
- мезоабиссалдық (3 — 4 км-ден 15 — 16 км-ге дейін)
- абиссалдық (15 — 16 км-ден 30 — 40 км-ге дейін) болып бөлінеді.
- Скарндардың қалыптасу температурасы 400 — 1000С аралығында.
- Скарн линза, қабат, желі, түтік, тағы басқа пішінді, құрамында белдемділік байқалады.
- Скарн мен темір, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден және тальк, флогопит, хризотил-асбест, тағы басқа кендер байланысқан.
- Қазақстанда Сарыбай, Атансор темір және Қарағайлы қорғасын-барит кендері cкарн да орналасқан.
- Пайдалы қазба кендерінің көптеген түрлері скарндармен тығыз байланыста түзіледі.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>
Дереккөздер
<references/>