Вермикулит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:VermiculiteUSGOV.jpg
Вермикулит

Вермикулит (лат. vermiculus - шылаушын) – силикаттар класының гидрослюдалар тобындағы минерал. Хим. формуласы шамамен (Mg,Fe+2,Fe+3)3[(Sі,Al)4O10]•(OH)2•4H2O, силикаттар класының қабатгы типіне жататын минерал. Қыздырғанда шылаушын тәрізді иіліп, 15—25 есеге дейін ісінеді. Биотит бойынша псевдоморфоза құрайды.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref> Түсі — қоңыр, қоладай сары, жылтырлығы шыныдай, қаттылығы — 1-1,5, жіктілігі өте жетілген, меншікті салмағы — 2,4-2,7, күйдіргенде өте жеңілденіп суға батпайды. Вермикулит негізінен биотитті және флогопитті жыныстардың төмен температурада гидротермалық өзгеруінен түзіледі, кейде биотиттердің моруынан қалыптасады. Вермикулит күйдірілген күйде жылу, дыбыс өткізбейтін материал ретіңде, түсқағаз өндірісінде қолданылады. Кендері Қазақстанда, Австралияда, АҚШ-та белгілі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub