Жарты газ кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жарты газ кен орны - Оңтүстік Маңғыстау ойысымының Ақсу-Кендірлі баспалдағындағы газ кен орны. 1985-1988 жылдары іздестіру жумыстары жүргізілді. Кенорын 1988 жылы ашылып, барлау 1989 жылы аяқталған.

Географиялық орны

Маңғыстау облысында, Ақтау қаласынан оңтүстік-шығыста 185 км жерде орналасқан.

Географиялық құрылымы

Көтерілім 70-жылдарда сейсмобарлау жұмыстары нәтижесінде дайындалды. Газ сыйыстырушы құрылым ендікке жуық бағытта созылған антиклин. Төменгі триастың оленек жікқабатының морылып шайылған бетіне тиесілі шағылдырушы қабат бойынша құрылым солтүстігінен, оңтүстігінен және батысынан жарылымдармен шектелген. -4500 м-лік изогипса бойынша қатпардың өлшемдері 3,5x1 км, амплитудасы 60 м. Жоғарғы триастың табандық бөлігіндегі шөгінділерде, 4175 м тереңдікте құмтастар мен алевролиттерден құралған өнімді горизонт аршылды. Жинауышы аралас, кеуекті-жарықшақты, ашық кеуектілігі 8,8%, өтімділігі 0,015 мкм2. Қалыңдығы 35-42 м саз қабаты жапқыш қызметін атқарады.

Жатыс сипаты, құрамы

Газ жатыны қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған, газ-су жапсары -4011 м-лік белгіден өтеді. Газды бөлігінің ауданы 2,6 км2, биіктігі 19 м. Қабаттың жалпы қалыңдығы 9,6 м, тиімді газга қаныққан қалыңдығы 6,7 м. Газға қанығу коэффициенті 0,71. Бастапқы қойнауқаттық қысым 54,2 МПа, температура 149°С. 10 мм-лік штуцердегі газ шығымы 31 мың м3/тәу. Этан ұстаушы газдың абсолют тығыздығы 872 кг/м3, құрамындағы ауыр көмірсутектердің үлесі 13,4%, метаны 86,3%, азот 0,3%. Қойнауқат сулары хлоркальцийлі типті тұздықтардан құралған, Тығыздығы 1065 кг/м3, минералдылығы 91г/л. Суда аз мелшерде йод, бор, 186 мг/л-ге дейін бром бар. Жатынның режимі газ-суарынды. Кен орнында жұмыс 1990 жылы тоқтатылған. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер