Қойнауқаттық (қойнауқатаралық) су

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Екі сутіректі қойнауқат аралығына орналасқан сулы койнауқатқа шоғырланатын жер асты суы. Сулы қойнауқат толық қаныққан жагдайда су шоғыры қатты сығылған күйде болуы мүмкін, ал бұл қабат жартылай қанықса, су қысымы да біршама төмен болмақ.

Қойнауқат табанындағы және оның жабынындағы сутірек тау жынысытармен шектеле отырып, олардың аралығындағы тау жынысы қойнауқатына шоғырланған гравитациялық су түрі. Сүзбелену режимі арындылықпен сипатталады. Мұнай өндірісінде қойнауқаттық су термині өзінің тар мағынасында да қолданылады. Бұл жағдайда қойнауқаттық су нақтылы мұнайлы қойнауқаттың өзіне шоғырланады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}