Қойнауқаттық газ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қойнауқаттық газ. Қалыптасуы және шоғырлануы мұнайлы-газды алаптың қойнауқаттық жағдайында жүзеге асатын жерасты газы. Қойнауқаттық газ құрамында әдетте метан және оның гомологтары көбірек ұшырасады. Азот және көмірқышқыл құрамды қойнауқаттық газдар сирек кездеседі. Қойнауқаттық газдардан өндіріліп алынатын ең басты өнімдер жанғыш дербес газ және сұйық көмірсутектердің конденсаты. Бөлініп алынатын конденсаттың құрамына қарай қойнауқаттық газдар құрғақ, жұтаң, қоңды және газконденсатты газдар болуы мүмкін.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}