Жазғы Олимпиада ойындары 1896
Үлгі:Олимпиада ойындары Жазғы Олимпиада ойындары 1896 (Үлгі:Lang-en, Үлгі:Lang-fr, Үлгі:Lang-el; ресми атауы — I Олимпиаданың ойындары<ref name="МОК">Үлгі:Cite web</ref>; өткізілу кезінде I Халықаралық Олимпиада ойындары деп аталған<ref name="Маллон 64">Билл Маллон и Тур Видланд. «The 1896 Olympic Games: results for all competitors in all events, with commentary». 1998. Стр. 64</ref>) — қазіргі заманғы алғашқы жазғы Олимпиада ойындары. Афина (Грекия) қаласында 1896 жылдың 6 - 15 сәуір күндері аралығында өткізілді. Жарысқа 14 елден келген 241 спортшы қатысқан, әйелдерге жарысқа қатысуға рұқсат етілмеді.<ref name="МОК" />
Бұл Ойындардың қазіргі ойындардан көптеген айырмашылықтары бар — Олимпиада оты және алтын медальдарды тапсыру рәсімі сияқты дәстүрлер болған жоқ.<ref name="МОК" />.
Мазмұны
Тарихы
ХІХ орта тұсында Грекияда Олимпиада ойындарын қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 1859, 1870, 1875 және 1889 жылдары Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіру, жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. 1890 жылы Олимпиадалық қозғалыстың белсенді қайраткері Пьер де Кубертен 1500 жыл үзіліп қалған доданың замануи үлгіде ұйымдастырылуына үлкен септігін тигізеді. Нәтижесінде 1894 жылы Халықаралық Олимпиада Комитеті құрылады. Ал араға екі жыл сала бірінші Олимпиада ойындары Грекияның Афины қаласында өтеді.
Ұйымдастырылуы
Тұңғыш рет ұйымдастырылған Олимпиада ойындары 6-15 сәуір аралығында өткен. Ашылу салтанатын ағылшындар ұйымдастырған. Ал додаға 13 мемлекеттен (Австро-Венгрия бөлек команда ретінде, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Италия, АҚШ, Франция, Чили, Швейцария, Швеция) 241 спортшы қатысқан. Барлығы 9 спорт түрі (грек-рим күресі, велоспорт, гимнастика, жеңіл атлетика, суда жүзу, нысана көздеу, теннис, ауыр атлетика, семсерлесу) бойынша жеңімпаздарды анықтаған. Ал жарыстағы ең ерекше спорт түрі ретінде марафон бағаланған. Бірінші болып келген грек елінің желаяғы Спиридион Луисқа патшаның өзі Грекиядағы ең жоғарғы атақты сыйлаған.
Алғаш рет өткен Олимпиада ойындарында бейресми командалық есеп бойынша гректер алдына жан салмаған. Олар барлығы 46 медаль иеленген. Екінші орынға 11 медальмен АҚШ құрамасы орналасқан. Бір қызығы, Афины қаласындағы алғашқы Олимпиада ойындарында тек қана бірінші және екінші орындарға ие болғандар ғана медальдармен марапатталған, ал 1900 жылы Парижде және 1904 жылы Сент-Луисте медальдардың орнына кубоктар мен басқа сыйлықтар сыйланған. Ал дәл қазіргідей алтын, күміс және қола медаль сыйлау – 1908 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарынан бастау алады.
Тұңғыш рет ұйымдастырылған Олимпиада ойындарынан кейін бұл доданы төрт жылда бір рет өткізіп тұру туралы шешім қабылданады. Төрткүл дүние көз тігер дода соғыс жылдары кезінде ғана аздап тоқтап қалғанымен, кейіннен өз жалғасын тауып кетті.
Ойындар күнтізбесі<ref>Официальный отчёт об Играх, часть 2, стр. 56—118</ref>
● | Ашылу салтанаты | ● | Жарыстар квалификациясы | ● | Жарыстар финалы | ● | Жабылу салтанаты |
Сәуірдің | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | Медальдар |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ресми салтанаттар | ● | ● | |||||||||
Күрес | 1 | 1 | 1 | ||||||||
Велоспорт | 1 | 3 | 1 | 1 | 6 | ||||||
Жеңіл атлетика | 5 | 5 | 1 | 5 | 16 | ||||||
Жүзу | 4 | 4 | |||||||||
Спорттық гимнастика | 6 | 2 | 8 | ||||||||
Нысана көздеу | 1 | 1 | 1 | 3 | 1 | 6 | |||||
Теннис | 1 | 1 | 2 | 2 | |||||||
Ауыр атлетика | 2 | 2 | |||||||||
Семсерлесу | 2 | 1 | 3 | ||||||||
Медальдар | 5 | 9 | 1 | 9 | 8 | 13 | 2 | 1 | 48 | ||
Сәуірдің | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Қатысушы мемлекеттер
- 20px АҚШ
- Үлгі:Flagicon Аустралия - Аустралия Британ империясының бір бөлігі болғанына қарамастан, Аустралияның жалғыз өкілі Тедди Флэктің нәтижесі жеке есептелінді.
- 20px Аустрия - ойындардың өткізілу уақытында Аустрия Аустрия-Мажарстан құрамында болғанына қарамастан, жарыстарда аустриялық спортшылар мажарстандық спортшылардан бөлек қатысты.
- Үлгі:Flagicon Болгария - гимнастшы Шарль Шампо Швейцария азаматы болған, бірақ ойындардың өткізілу уақытында Болгарияда өмір сүріп, спортшының нәтижелері Болгария құрамасының нәтижесіне есептелген.
- 20px Германия
- 20px Грекия - басқа мемлекеттерде өмір сүрген кейбір спортшылар Грекия атынан өнер көрсетті.
- 20px Мысыр - Дионисиос Касдаглис Мысырда өмір сүрген, бұған қарамастан ол грек спортшы болып саналады. Алайда, жұптық теннис турниры кезінде басқа грек спортшысымен қатысқан жарысы аралас команда нәтижесі ретінде есептелінді.
- Үлгі:Flagicon Кипр - Анастасиос Андреу Кипрда өмір сүрген, бұған қарамастан ол грек спортшы болып саналады. Кипр бұл уақытта Ұлыбритания протектораты болған.
- Үлгі:Flagicon Измир - кейбір деректер Осман империясында орналасқан Измир қаласынан шыққан екі спортшы елден бөлек қатысқан деп хабарлайды.
- Үлгі:Flagicon Дания
- 20px Италия
- 20px Мажарстан - ойындардың өткізілу уақытында Мажарстан Аустрия-Мажарстан құрамында болғанына қарамастан, жарыстарда мажарстандық спортшылар аустриялық спортшылардан бөлек қатысты.
- Үлгі:Flagicon Ұлыбритания - Ирландия Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығы құрамына кіргендіктен, ирландтық спортшылар британдықтармен бірге ойындарға қатысты.
- Үлгі:Flagicon Франция
- Үлгі:Flagicon Чили - Чили ҰОК хабарлауынша, ойыдарға елден 1 спортшы - Луис Суберкасиукс қатысқан. Бұл туралы Чили ҰОҚ хабарлауынан басқа еш жерде деректер берілмеген. Бұған қарамастан Чили ойындарға қатысқан мемлекеттер қатарына кіреді.
- Үлгі:Flagicon Швейцария
- 20px Швеция
Медальдар санағы
Медальдар санағы қорытындысы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Орны | Ел | Алтын | Күміс | Қола | Барлығы |
|
20px АҚШ | |
|
|
|
|
20px Грекия | |
|
|
|
|
20px Германия | |
|
|
|
|
Үлгі:FRA | |
|
|
|
|
Үлгі:GBR | |
|
|
|
|
20px Мажарстан | |
|
|
|
|
20px Аустрия | |
|
|
|
|
Үлгі:Flagicon Аустралия | |
|
|
|
|
Үлгі:DEN | |
|
|
|
|
Үлгі:SUI | |
|
|
|
|
Аралас құрама | |
|
|
|
Дереккөздер
<references/>