Нысана көздеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:KK-liegend.jpg
Нысана көздеу кезіндегі көрініс

Нысана көздеу – ежелгі спорт ойындарының бірі. Түркі халықтарында жамбы ату түрінде көрініс тапқан. Арнайы спорт түрі ретінде Кеңес үкіметі тұсында дами бастады. Нысана көздеу спорты 1896 жылы өткен 1-Олимпия ойындары бағдарламасына енген. Қазақстанда нысана көздеушілер бәсекесі 1923 жылдан бері өтіп келеді. Нысана көздеуден қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері – Г.Майлыбаева (1953). Олимпия ойындарында қазақстандықтар В.Вохмянин (1992, Барселона, Испания, 1996, Атланта, АҚШ) 2 мәрте қола медаль алды, С.Беляев (1996, Атланта, АҚШ) олимпия ойындарында 2 рет күміс жүлдені иемденді. Сонымен қатар О.Довгун, Г.Беляева, Ю.Бондарева Б. Исаченко, Н.Коваленко, Г.Корчма, т.б. спортшылар әлем, Еуропа, Азия кубогы мен чемпионаттарында жеңімпаз, жүлдегер атанды. Қазақстанның стенд атушылары да қомақты табыстарға қол жеткізді. А.Асанов екі дүркін әлем және бес дүркін Еуропа чемпионы, бес дүркін әлем кубогы иегері болды. В.Серов әлем чемпионы (1971), В.Скоробагатов, В.Поляк, В.Гущалар Еуропа чемпионы атанды. И.Стручаев Азия ойындарының (1994) жеңімпазы болды. Еліміздегі нысана көздеу спортын дамытуға 1969 – 93 жылы аралығында өткен халықаралық “Алтын қырғауыл“ жарыстары үлкен септігін тигізді. Қазіргі таңда “Алтын мерген” халықаралық жарыстары өтіп келеді.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нысана көздеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}