Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1992
XXV олимпиялық ойындар (25 шілде - 9 тамыз, 1992 жыл Барселона, Испания, бұл ойындарға 9364 (6657 ер кісілер, 2707 әйелдер) спортшылар қатысты), сонымен 1952-1988 жылдардың Қазақстанның өкілдері КСРО- құрамасының сапында өнер көрсетті. 1992 жылы Испанияның Барселона қаласында өткен кезекті жазғы олимпиялық ойындарға тек Ресей бірлестігінің құрамасы ғана қатысты деуге болады. Халықаралық олимпиялық комитетке мүше болып үлгерген Балтық жағалауы мемлекеттері жеке ұжым ретінде күш сынасты. Ресей құрамасы енген қазақстандық қыз Ирина Герлиц осы жолы алтын медальға ие болды. Қазақстан үшін олимпиялық ойындардың жаңа дәуірі басталды.
1991 жылы Әлемнің саяси картасы өзгерді. Жұмыр жердегі іштей де, іс жузінде де арбасы келе жатқан екі әлем капитализм мен социализмнің жанкешті шайқасында капитал дүниесі жеңіп шықты. Бұрын жер шарының 1,4 бөлігін алып жатқан Кеңестер Одағы аталған алып империя тарыдай шашырап бөлініп кетті де әрқайсысы өз шаңырақтарын көтеріп, жеке-жеке мемлекет болып шыға келді. Бірақ бұрыннан қалыптасқан саяси және экономикалық байланыстар үзілген жоқ, ТМД (тәуелсіз мемлекеттер достығы) құрылды. Бұл Испанияның Барселона қаласында өтетін ХХV Олимпиялық ойындардың қарсаңы болатын. Бұрынғы одақтас республикалардың спорт комитеттері спорт саласында қолымыз жеткен табыстарымыздан айырылып қалмас үшін осы ТМД елдерінің құрамасы жасақталмақ болды. Бірақ Мұнда негізгі тізгін Мәскеудің қолында қалып қойды. Мысалы, ТМД елдерінің бокстан құрамасында қазақстандық терт боксшы Болат Теміров, Болат Жұмаділов, Аркадий Топаев және Николай Кульпин енген болатын. Бірақ екі Болат, Теміров пен Жұмаділов ойындар басталмай жатып-ақ Алматыға қайтып келді.
Мазмұны
Спорт түрлері
Қатысу елдер
Ойындардың қорытындысы
- Үлгі:Legend inline Қабылдаушы ел — Испания;
- Үлгі:Legend inline Алтын медалдар саны бойынша: Үлгі:EUN — 45;
- Үлгі:Legend inline Күміс медалдар саны бойынша: Үлгі:EUN — 38;
- Үлгі:Legend inline Қола медалдар саны бойынша: Үлгі:АҚШ — 37;
- Үлгі:Legend inline Барлық санаттағы медалдар саны бойынша: Үлгі:EUN — 112.
Ең көп медаль жеңіп алған он ел:
№ п/п | Ел | Алтын медаль Алтын | Күміс медаль Күміс | Қола медаль Қола | Қорытынды |
---|---|---|---|---|---|
1 | Үлгі:EUN | 45 | 38 | 29 | 112 |
2 | Үлгі:USA | 37 | 34 | 37 | 108 |
3 | Үлгі:GER | 33 | 21 | 28 | 82 |
4 | Үлгі:CHN | 16 | 22 | 16 | 54 |
5 | Үлгі:CUB | 14 | 6 | 11 | 31 |
6 | Үлгі:ESP | 13 | 7 | 2 | 22 |
7 | Үлгі:KOR | 12 | 5 | 12 | 29 |
8 | Үлгі:HUN | 11 | 12 | 7 | 30 |
9 | Үлгі:FRA | 8 | 5 | 16 | 29 |
10 | Үлгі:AUS | 7 | 9 | 11 | 27 |
Ойындарының астанасын таңдау үшін дауыс беру қорытындылары
91-я сессия ХОК, 17 қазан 1986, Лозанна | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Қала | Мемлекет | Раунд 1 | Раунд 2 | Раунд 3 | ||
Барселона | Испания | 29 | 37 | 47 | ||
Париж | Франция | 19 | 20 | 23 | ||
Белград | Югославия | 13 | 11 | 5 | ||
Брисбен | Австралия | 11 | 9 | 10 | ||
Бирмингем | Ұлыбритания | 8 | 8 | — | ||
Амстердам | Нидерланд | 5 | — | — |
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:StubҮлгі:Navbox