Еркебұлан Мұратұлы Дайыров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Еркебұлан Мұратұлы Дайыров (1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда туған) — танымал кино және театр актері. Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының иегері (2013). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (2006 жылдан).

Толығырақ

Сахнадағы негізгі рөлдері

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М.Әуезовтің «Абайында» Айдар (реж. Е. Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Х. Әмір-Темір), «Қилы заманында» Айтбай (сахналық нұсқасы: Н.Оразалин, реж. Ә. Рахимов), Т .Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Жылқышы, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бүркіт (реж. Ә. Рахимов), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Жантық (реж. Қ. Сүгірбеков), Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Нарбол, Д. Исабековтің «Актрисасында» Ерлен (реж. Н. Жұманиязов), «Мұрагерлерінде» Төрехан (реж. О. Кенебаев), «Жаужүрегінде» Балуан Шолақ («Балуан Шолақ», реж. Е. Обаев), И. Сапарбайдың «Қыз мұңында» Ғазиз (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), И. Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» қойылымында Абай (реж. О. Кенебаев), Н. Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» Сағын (реж. Н. Жақыпбай), Т. Әбдіковтың «Ұлы мен ұры» драмасында журналист (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан), Р.Отарбаевтің «Бейбарыс сұлтанында» Қалауын т.б. көптеген бейнелерді сомдайды.

Кинофильмдері

  • «Теміртау көктемі» фильмінде (Ораз рөлінде) (реж: М.Бидосов)
  • «Парыз» телесериалында (Талап рөлінде) (Ж. Пошанов)
  • 2012 - 2014 жылдары "Тағдыр" телесериалында (Айдар рөлінде) (реж: А. Сахаманов)
  • 2013 жылы Бауыржан Момышұлы телесериалынада басты рөлде (реж:Ақан Сатаев)
  • 2015 жылы "Шлагбауым" фильмінде басты рөлде (реж:Ж.Пашанов)
  • 2015 жылы "Жат" фильмі (реж: Е.Тұрсынов)
  • 2016 жылы "Жұлдыздар тоғысқанда" көркем фильмі (Абиш рөлінде) (реж:С.Снежкин)
  • 2016 жылы Анаға апарар жол фильмінде (Мұқан рөлінде) (реж:Ақан Сатаев)
  • 2016 жылы Қазақ хандығы телесериалында (Жәнібек ханның рөлінде) (реж: Рүстем Әбдірашев

Марапаттары

  • 2013 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының иегері атанды.
  • Қазақстан Республикасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
  • Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" Орденінің иегері.
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
  • 2017 жылы Қазақстан Кинематографистер Одағының "Жыл таңдауы 2017" сыйлығының "Үздік Ер адам рөлі" (Тараз фильмі) аталымы бойынша марапатталды.
  • Театр көктемі фистивальінің бірнеше мәрте жүлдегері.