Рүстем Әбдірашев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Рүстем Әбдірашев — режиссёр, суретші, сценарист. Ол Алматыдағы көркемсурет училищесін «театр суретшісі» мамандығы бойынша тәмамдап, кино саласындағы жұмысын да суретшіліктен бастады. Рүстемнің суретші ретінде еңбегі сіңген «Отырардың күйреуі», «Көзімнің қарасы» фильмдері – Мемлекеттік сыйлық алған картиналар. Тіпті кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов «Көзімнің қарасы» фильміне қоюшы-суретші етіп Рүстемді сонау Мәскеуден, ВГИК-те оқып жатқан жерінен арнайы шақыртып алыпты. ВГИК-тің режиссурасын оқып келген соң Рүстем Әбдірашев өзінің жаңа кәсібіне кірісіп, алғашқы картинасын түсіреді. «Қаладан келген қыз» 2004 жылы Ресейдің Анапа қаласында өткен ТМД және Балтық елдерінің халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алады. Небәрі үш-төрт жылдың ішінде режиссер «Шәкен жұлдыздарының» бас жүлдесін де, «Ең үздік режиссура» номинациясын да («Золотой витязь» халықаралық кинофестивалі, Челябинск), «Тарланды» да, т.б. талай фестивальдерде талай жүлделерді қанжығасына байлап үлгерді. Ал оның «Құрақ көрпе» фильмі былтыр дәл осы «Синемас Азия» фестиваліне шақырту алыпты. Франциядан шақырту қағазы ғана емес, тіпті бірнеше рет хабарламалар келсе де «Қазақфильмдегілер» үнсіз қалған. Ешкім ешкімге ештеңе айтпаған... Рүстемнің өзі бұл жайтты осы жолы фестивальге барғанда ғана естіпті...
2009 жылы «Құрақ көрпенің» кебін құшпай, дер кезінде жолға шыққан «Сталинге сыйлық» олжалы оралды. 2017 жылы ,,Алмас қылыш" атты тарихи фильмде қоюшы режисёр болды.Фильм қазақ хандығының құрылуы жайында болды.Негізі Ілияс Есенберлиннің романы бойынша жасалды.

«Сталинге сыйлық» туындысы Францияда өткен 15-халықаралық Азия фильмдерінің «Синемас Азия» фестивалінде Гран-приді жеңіп алды.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}